Нортон шкаласы бойынша ойылудың даму қаупін сандық бағалау Ойық жараладың пайда болуының қаупін сандық бағалайтын бірнеше шкалалар бар. Нортон бағалау шкаласы — бес өлшемнен тұратын баллды санайтын жүйе: физикалық жағдай, ойлау қабілеті, белсенділігі, қозғалғысы және физиологиялық бөлінділерді ұстамауы. Нортон шкаласы бойынша: балл қаншалықты аз болса, соншалықты қауіп жоғары. 14 немесе одан төмен баллды суммада науқас қауіп аймағына енеді, ал 12 балдан төмен болса жоғарғы қауіп аймағына енеді. Бұл мейіргер бақылау картасымен қосылғанда шкала қолданысқа өте ыңғайлы, себебі күнделікті есептелген балл саны тіркеледі және соған байланысты ойық жараның алдын алатын мейіргерлік шаралар қолданылады.
Waterlow шкаласы бойынша: балл қаншалықты жоғары болса соншалықты қауіп жоғары. Қортынды нәтижемен балдар қосылып, қауіп дәрежесі анықталады:
1-9 балл - қауіп жоқ
10-14 балл – қауіп бар
15-19 балл - жоғарғы қауіп дәрежесі
20 балдан жоғары - өте жоғарғы қауіп дәрежесі
Эндогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін келесі нұсқаулар беріледі:
Нортон немесе Ватерлоу шкалаларын пайдалана отырып науқас жағдайын үнемі бағалау. Науқас қалпын әрбір 1,5-2 сағат сайын өзгерту (түнгі уақыттада): Фаулер және Симс қалыптары, оң және сол жақ бүйірімен, ішіне (егер қарсы көрсеткіш болмаса) жатқызу. Қалып түрлері науқастың жағдайына және ауруына сәйкес ауыстырылады. Егер науқас төсегінде өз бетінше ауысқан болса, онда оны мадақтап, көмектесуіміз қажет.