Әдебиеттер тізімі
1. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. – М.
2019.
2. Коршунов А.М. Секреты долгой молодости профессора Никитина. – М.,
Советский спорт, 2017.
3. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен
әдістемесі - Ӛскемен: ШҚМУ баспасы, 2018 – 270 б.
4. Холодов Ж.К., Кузнецов В.К. Теория и методика физического воспитания
и спорта. – М., 2019. - 478 с.
363
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚ ЖҤЙЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Абдихалыкова А.Н
Ғылыми жетекші п.ғ.к аға оқытушы С.А.Шыршыкбаев
Аннотация
Қазақ халқының ұлттық ойындары алуан түрлі, сан қырлы, мазмұнға
бай, адам баласының сәбилік шағынан бастап, бүкіл ӛмірін тұтас қамтуға
негізделіп жасалған. Бұл мемлекеттік тәрбие беру мекемелері мен халық
жасаған, барлық мәдени іс-әрекеттерді ӛз бойына жинақтап, халыққа
білім және тәрбие беру мәселесін шешудің құралы қызметін атқарады.
Ӛйткені ҧлттық ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне
орайластырып жасалған. Баланың сәби шағынан бастап ер жетіп, азамат
санатына қосылғанға дейінгі ӛмірін қамтып қана қоймайды, адамның бҥкіл
ӛмір бойғы жан серігіне айналады. Атап айтқанда, дҥниеге жаңа келген
нәрестеден бастап, ер жеткенге дейін ойын арқылы тәрбие алады. Жігіттік
шағында байсалды ҧлттық ойындарына қатынасып, жарыс аренасына
шығады. Одан кейінгі жігіт ағасы жасында, ойынды ҧйымдастырушының
рӛлін атқарады. Келесі кезеңде сол халық дәстҥріне ӛз ҧрпағын
тәрбиелеуші, баулушы, ақылшы-кеңесші ретінде де, сондай-ақ кӛрермен
ретінде де қатынасады. Қай халықтың болмасын ҧлттық ойындарына тән
негізгі ортақ қасиет - дидактикалық негізі, кӛздейтін мақсаты жас ҧрпақты
ӛз ортасының салт-санасы, әдет-ғҧрпы мен дәстҥріне сай, психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты білім беріп тәрбиелеу. Олай болса, әр ҧлттық
ойындардың бойында педагогикалық әлеуметтік негіз бар.
Ҧлттық ойындардың әрқайсысына тән қасиет, кӛздейтін негізгі мақсат
- адамға әсер ету, оған қоршаған орта туралы мағлҧмат беріп, дҥниетаным
кӛзқарасын ӛсіріп қалыптастыру. Әр ҧлттық ойынының бойында адамды
білімге, білуге, ҥйренуге, ӛмірді танып білуге деген ынтаны оятатын,
ҧжымға деген ынтымақ, жолдасқа деген ілтипат, сыйластық, тіл табысу,
басқалармен санаса білу т.б. ӛмірге аса қажетті адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру секілді дидактикалық негіз, тҧтас педагогикалық ҥрдiс, іргелі
идея бар.
Осы кҥнге дейін біреулер ойын десе, кҥлкіні, жеңіл-желпі кӛңіл
кӛтеруді кӛз алдына елестетеді. Дәл осылай ойлағанның ӛзінде де ойын ӛз
дегеніне жетіп, әлеуметтік-педагогикалық бір мақсатты кӛздеп, тәрбие
қҧралы қызметін атқаратыны анық.
Кеңес одағы қҧлап, тоталитарлық қҧрылыстың ыдырауына
байланысты, еліміздің еркіндік алуы, ел ӛмірінің барлық саласына
айтарлықтай жаңалықтар әкелді. Ендігі жерде ӛткен ӛміріміз бен ӛнерімізге
жаңаша қарап, ҧрпақ тәрбиесін халқымыздың ежелгі арманы болып келген,
ӛз халқының мҥддесіне сай қайта қҧруға мҥмкіншілік туды. Бҥгінде оқу
орындарының алдында тҧрған негізгі мақсат - заманымызға сай ҧлттық
364
мҥддені кӛздейтін, отанын сҥйе білетін, қазақстандық патриотизмді жастар
бойына сіңіріп, оны ӛмірдің ӛзі талап етіп отырғандай етіп кҥн тәртібіне
қою. Яки, ойынды оқу-тәрбие жҧмысының негізгі идеялық арқауына
айналдыру міндеті тҧр. Бҧл міндетті орындаудағы әлеуметтік-
педагогикалық идеяларды іс жҥзіне асыруда негізгі кӛмекші болатын ҧлттық
ойындар екендігі дау туғыза қоймас.
Алайда, кӛптеген авторлар ӛз зерттеулерінде, ойынды халық
педагогикасының бір саласы ретінде ала отырып, оны тек тәрбие қҧралы
ретінде
ғана
қарастыруды
ӛздерінің
басты
міндеттері
ретінде
кӛрсететіндіктерін айта отыруды жӛн кӛрдік. Ҧлттық ойындарды, жалпы
ойын атаулыны, тек тәрбие қҧралы ретінде бӛліп алып қарау,
біржақтылыққа апарып соғатынын ескерген жӛн деп білеміз.
Бҧл ойын туралы пікірдің дҧрыс қалыптаспағандығын кӛрсетеді.
Сонымен бірге, әр ҧлттың ӛзіне тән даму барысындағы қалыптасу
ерекшелігін ескермеуден, олардың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-
жарнамалық орындарын жете тексермегендіктен туған жаңсақтық деп
білеміз.
Ғылыми жҥйе ағымында бірінші рет дене шынықтырудың халықтық
тәсілі - қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын М.Гуннердің еңбегіннен
кездестірдік, ол қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын мынандай
белгілер бойынша жіктеді: жалпы сипаттағы ойындар; қарсыласу және
кҥрес элементтері бар ойындар; ашық алаңдағы ойындар; қыс кезіндегі
ойындар; демалыс ойындары; ат-спорт ойындары; аттракцион ойындары.
Мҧндай ҧсынысты автор ҧлттық қозғалмалы ойындарының жалпы ережесі
негізінде ҧсынады.
М.Гуннер қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындары мен спорт
ойындары арасына шекара қоймай береді.[49]
Ҧлттық ойындарының және жарыстарының тҥрлері мен пiшiнiнiң
классификациясы М.Таникеевтің арнайы зерттеулерінің тақырыбы болды.
Бҧл автор қазақ халқының ҧлттық дене шынықтыруының қалыптасуы
мен дамуы жолдарын қарастырумен қатар, белгілі ҧлттық ойындар мен
спорт тҥрлерін екі ҥлкен топқа бӛлуді ҧсынады:
а) ат-спорт тҥрі; б) ат ҥстіндегі ойындар [50]
Ерекше жіктеуді Б. Т.Тӛтенаев ҧсынады. Қазақтың ҧлттық қозғалмалы
ойындарын қазақ халқының рухани ӛміріндегі жас ерекшелігі ойындарына
кӛп кӛңіл бӛле қарастырады [51]. Автор қазақтың ҧлттық қозғалмалы
ойындарын екі ҥлкен топқа бӛледі:
1)
тҧрмыс-салт негізінде пайда болған ойындар;
2)
жастар және қозғалмалы ойындар.
Біріншінің қҧрамын ол келесі топтарға бӛледі:
А) мерекелік ойындар;
Б) қазақша кҥрес.
Бҧл топқа халықтың тҧрмысқа және жерге байланысты ойындары кіреді.
Екіншінің қҧрамына келесі топтар кіреді:
А)1 жастағы сәбилер ойыны;
365
Б)балаларды ӛмірге қалыптастыратын әр тҥрлі ойыншықтармен
ойнау ойындары;
В) халықтық тәсілдерді пайдаланып ойналатын ойындар;
Г) жануарларға еліктеу қимылы ойындары;
Д) материалды заттарды пайдаланып ойналатын ойындар;
Ж)қҧрал-жабдықтармен ойналатын ойындар;
З) қозғалмалы ойындар.
Жалпы білім беретін мектеп тәрбиесінде қазақтың ҧлттық қозғалмалы
ойындарын пайдалану мәселесі теориясын зерттеп, Т.Б.Бекбатшаев ӛзінің
диссертациялық жҧмысында [52] қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын
10 топқа жіктейді.
1)
ойыншықтарға байланысты ойындар;
2)
лақтыру, жҥгіру және секіру элементтері бар ойындар;
3)
кҥрес және қарсыласу ойындары;
4)
кӛзін байлап ойналатын ойындар;
5)
ашық даладағы ойындар;
6)
судағы ойындар;
7)
әскери-қолданбалы бағыттағы ойындар;
8)
ҥстел ҥстіндегі ойындар;
9)
ат-спорт ойындары;
10)аттракцион ойындары.
Бекбатшаевтің ойындарды жіктеуі Гуннердің жіктеуімен ҧқсас
келетінін байқамау мҥмкін емес.
Автор қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын ҧйымдастыру және
ӛткізу кезінде балалар мен ҥлкендер арасындағы жас ерекшеліктерін сақтау
қажет екенін айтады.
Е.С.Сағындықов қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын математика,
ана тілі сабақтарында пайдалану мәселесін зерттей келе, кластан тыс және
оқудан тыс тәрбие жҧмысында пайдаланған ойындар сипаты мен мазмҧны
бойынша жан-жақты болатынын айтады. [53]
Автор қазақтың ҧлттыққозғалмалы ойындарын ҥш топқа бӛледі:
А) ойын-сауық ойындары;
Б) дене шынықтыру-спорт ойындары;
В) ойлау қабілетін дамытушы ойындар.
Қазіргі педагогикалық ҥрдістің дене тәрбиесіне қазақтың ҧлттық
қозғалмалы ойындарын енгізу жағдайын қарастырған Ж.М.Тӛлегенов
қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын [54] алты блокқа бӛліп
қарастыруды ҧсынады:
1)
жылдамдықты, ептілікті және қозғалыс координациясын дамытуға
бағытталған ойындар;
2)
кҥшті, тӛзімділікті дамытуға бағытталған ойындар;
3)
қимыл реакциясын және назарды тәрбиелеуші ойындар;
4)
лақтыру қимылын дамытушы ойындар;
5)
ҧжымдық сезімге тәрбиелеуші ойындар;
6)
негізгі қозғалыс қасиетін кешенді дамытушы ойындар.
366
Ж. М.Тӛлегеновтың негізгі қағидасы дене қасиетін дамытуға арналған
ойындарды жіктеуі. Сонымен бірге, 6-шы блоктағы негізгі қимыл қасиетін
кешенді дамытумен топталатын ойындарды барлық блоктардың
ойындарымен ҥйлестіруге болады. Қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын
бӛлу кезіндегі мҧндай әмбебаптық біздің кӛзқарасымызша нақты
ойындарды білу ҥшін жіктеуге жақындықты талап етеді.
Қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын жіктеу мәселесімен
айналысатын авторлардың әр тҥрлі ҧсыныстарынан олардың пайдалану
деңгейінің кең екенін байқаймыз.
Жҥйелеу сипатына кӛптеген факторлар әсер етеді, мысалы, сабақтың
жағдайы, пайдалану мақсатары, ойнаушылардың дайындығының деңгейі
және т.б. Ойындардың психологиялық сипаты да әсер етеді. Бҧл дегеніміз,
әр тҥрлілігі мен аясының кеңдігінен жалпыға бірдей ойын жіктеуін беру
мҥмкін емес. Әр тҥрлі қазақтың ҧлттық қозғалмалы ойындарын жіктеумен
айналысатын авторлардың ҧсыныстарын бағалауға болады.
Оқу-тәрбие жҧмысын ӛткізуде жақсы нәтижеге, олардың ойынша,
ойды нақты топтау жағдайында ғана жетуге болады. Т.Ш.Қуанышов ӛзінің
[33] ӛткізген зерттеу жҧмыстарының нәтижесін қорытындылай келіп
ойындардың классификациясын қҧрды:
1)
ойнаушыларды ҧйымдастыру (топтық және топқа бӛлмей);
2)
қимылдың ерекше тҥрі (секіру, лақтыру, затпен қимыл, кҥшпен
қарсыласу, жҥгіру, кешенді қимыл);
3)
дене қасиетінің ерекше пайда болуы (тӛзімділік, жылдамдық,
ептілік, икемділік, кҥш);
4)
координацияның ерекше тҥрі (қол, аяқ);
5)
физиологиялық жҥктеме (ҥлкен, орташа кішкене).
Біздің пікірімізше, ҧлттық ойындар – кешендік тәрбиенің, тҧтас
педагогикалық ҥрдістің таптырмайтын қҧралы. Осы идеяларды басшылыққа
ала отырып, біз зерттеулерімізді ҧлттық ойындарын ана тілі, математика
сабақтарының барысында дидактикалық материал ретінде пайдалануды
ҧсындық. Оны нақты материалдармен бекіттік. Атап айтқанда, ҧлттық
ойындары қазақ тілі, математика пәндерінде және кластан тыс тәрбие
жҧмыстарында: сабақ аралық ҥзілістерде, ертеңгіліктер мен кештерде және
ҧзартылған кҥн топтарында пайдаланудың нақты жолдарын кӛрсеткенбіз.
Мҧны айтуымыздың себебі: біздің осы жҧмыстарымыздың байыбына
бармаған зерттеушілер, ӛз ойларына ӛздері иланып, ҧлттық ойындарды тек
дене шынықтыру сабақтарында пайдалану туралы ғана сӛз етіп келеді.
Қарапайым кӛзбен қарағанда, ойын деген атынан кӛрініп тҧрғандай, ол дене
шынықтыру пәніне кӛбірек жанасатыны белгілі. Алайда ҧлы жазушы
Мҧхтар Әуезов айтқандай, ойынның ӛзінше бір ерекше мағыналары болған.
Олай болса, барлық ҧлттардың ойындарын бір ҥлгіге салып пішуге
болмайды. Оның ӛмірге келуі әр халықтың ӛзіндік әлеуметтік-
экономикалық ерекшелігіне, тҥсінігіне, материалдық мҥмкіншілігі мен
наным-сеніміне байланысты.
367
Ҧлттық ойындар - адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің
шыңдалып ӛсуіне жан-жақты әсер ететін әмбебап қҧрал. Ол ӛзін-ӛзі
тәрбиелеп, ӛзіне ӛзі білім берудің бҥгінгі біртҧтас педагогикалық талаптарға
сай келетін дидактикалық негіздегі педагогикалық-әлеуметтік ахуалын
байыта тҥсетін оқу-тәрбие қҧралы.
Ҧлттық ойындардың бойында тҧтас педагогикалық ҥрдiстiң негіздері бар.
Тҧтас педагогикалық ҥрдістің қҧрамына - оқу, оқыту, білім беру, тәрбие,
дамыта оқытып, дамыта тәрбиелеу ҥрдiсiнiң табиғи бірлігі жатады. Ал
ҧлттық ойындардың бойына ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек,
дене тәрбиесінің негіздері сіңген. Сондықтан ҧлттық ойындардың
әлеуметтік-педагогикалық негіздерін сӛз еткенде оның дидактикалық
негіздері туралы сӛз айтпай ӛтуге болмайды. Дидактика - оқу теориясы
ретінде ―нені оқыту керек‖, ‖қалай оқыту керек‖ деген сҧрақтарға дәйекті
жауап беруді іздейді. Оқу - оқушының іс-әрекеті болса, оқыту екі жақты
ҥрдiс. Оқыту ҥрдiсi оқушы мен оқытушының бірлескен әрекетінен тҧратын
кҥрделі процесс. Оқушы білім алуға, оның қажеттігіне тҥсінбейінше
оқытушы ӛз міндетін дәйекті тҥрде атқаруы қиын. Олай болса, оқытушы ең
алдымен оқудың тҥрткісін оқушының анық тҥсініп білуіне жол ашуы керек.
Ал тҥрткі белгілі бір әрекеттің мақсаттылығы, соған итермелейтін,
бағыттайтын қозғаушы кҥш. Оқудағы оқушы мақсаты - білу, қҧбылыс пен
уақиғаның сырын білуге ҧмтылу. Сондықтан оқыту - оқушы мен
оқытушының іс-әрекеті болғанымен, кӛп жағдайда абстракциялық рӛл
атқарады. Егер оқушы оқу мотивін анық, айқын тҥсінген болса, оқушы мен
оқытушының бірлескен іс-әрекеті оң нәтижесін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |