СПОРТШЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚУ ЖАТТЫҒУ
НЕГІЗДЕРІ
П.ғ.к. доцент Алшынбаев К.И.
студент Умирзаков Б.М.
Шымкент университеті, Шымкент қаласы
Аннотация
Бұл ғылыми мақалада спортшыны қалыптастырудағы білім берудің
негіздері сипатталған.
Тәрбиелеу процесі тҥрлі қҧралдармен атқарылады, олар адамгершілік
ағарту адамгершілік тәрбие жинақтауды ҧйымдастыру және адамгершілік
ынталандыру
болып
табылады.Жас
спортшы
ҥшін
мҧғалімнің,
жаттықтырушының беделі бірінші орында тҧрады. Бастауыш сынып
оқушысы ҥшін жаттықтырушының сӛзі әке – шешесі де тіпті әжесі де
ӛзгерте алмайтын заң. Бҧл кезеңде оқушыларда ҥлкен қоғамдық белсенділік
пайда болады, олар ӛзі немесе отбасы ҥшін емес, ҧжым ҥшін кӛп нәрсе
жасай алады. Қатарларымен қарым – қатынаста кең пейілділік, талқылау
барысында тік мінезділік, кӛмекке әзірлік байқалады, кӛңіл – кҥйі әдетте
қуанышты болады, оқыту психиканы дамытудың негізгі факторы болып
табылады. Жекелегенпсихикалық процестерді дамыту жас спортшыны
оқытудың бҥкіл бастапқы сатысы бойында жҥргізіледі. Педагогикалық
ықпал ҥшін оқыту және тәрбиенің бірінші жылында жеткіліксіз ҥйлесім
біршама албырттық және бағыттың айқын болмауы тән. Жаңадан
бастаушы спортшылар ӛздері ҥшін маңызы бар, олардың кӛңіл – кҥй
мазасыздануларына байланысты нысандарды және кӛзге тез шалынатын
тҥсінікті және ыңғайлы белгілерді тез қабылдайды. Осыған байланысты
ҧғымдарды нақты анықтап, талаптарды қолайлы қалыптастырып, қойылған
міндетті жаттықтырушы ҥшін де маңызды болатындай ету қажет.
Осы
43
кезеңде жас спортшылардың есінде сақталатындай ҥлкен жаттығулар
кешені ендіріледі.
Бҧл жаста механикалық есте ҧстау қабілеті дамиды
деп есептеледі. Балалар әңгімелегенге қарағанда кӛрсетілген жаттығуларды
тез есте ҧстайды. Кӛптеген жаттықтырушылар бҧл сатыда кӛрнекі қҧралдар
мен бейнелеп кӛрсетуге ден қояды. Алайда жаттығуды ҥйренуге тапсырма
берместен бҧрын оны кӛрсетумен қатар оның қандай принципке
қҧрылғанын аталған бірізділік неліктен таңдалып алынғанын, т.б. есте ҧстау
қажет. Бҧл жастағылардың адамгершілік ережелері мен дене жаттығуларын
мағынасыз есте ҧстауы тиімді емес. Материалды ойға тҥйгенде ол жақсы
сақталып, тез жаңғырады. Балалардың зейіні таңдау сипатында болады
және олар ҥшін ӛте маңыздысына қарай бағытталады. Олардың зейінін бір
нысанда
ҧстап
тҧру
ӛте
қиын.
Тәжірибелі
жаттықтырушы
тәрбиеленушілерінің зейіні қашан тӛмендейтінін біледі, сол кезде ол
оқушылардың зейінін басқа нысанға аударады. Осы мақсатта оң кӛңіл – кҥй
тудыру және оны кҥшейтуге бағытталған жаттығулардың кең шеңбері
пайдаланылады.
Бҧл жастағы балалардың зейін кӛлемі ҥлкен емес. Бҧл табиғи нәрсе,
жас спортшы екі мектептің яғни білім беру мен спорттық бағдарламалар
бойынша оқиды. Кӛптеген жаңа және қиын ақпараттарды қабылдап соған
зейін аударуға тура келеді. Оқушы біртіндеп зейінін қажетті және сырты
тартымды заттарға аударып, соны тҧрақты сақтауға ҥйренеді. Зейінді
тудырып, оны қалыптастыру және оны бағыттай білу – алғашқы оқу жылы
мен жас спортшы тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі. Оқытудың
алғашқы сатысында ойлауды дамыту процесі нақты бақыланады. Ойлау
негізінен нақты болып қалғанмен танымдық нысандар саны мен олардың
арасындағы қарым – қатынас біршама ҧлғаяды. Сондай – ақ салыстыру
процесі дамытылады. Балалардың заттар мен қҧбылыстардың белгілері мен
қасиеттері туралы талқылау негізінде негізінен кӛрнекілік бейнелеу мен
сипаттау жатыр. Мҧнда ойлауды дамытудың екі сатысы байқалады.
Біріншісі – алғашқы оқыту сатысында барлық материалдарды талдау
кӛрнекілік - әрекетті жоспарда жҥргізілген жағдайда, яғни жас спортшылар
бҧл жағдайда ақиқат заттарға немесе олардың тікелей баламасына сҥйенеді.
Екінші сатысы – абстрактілеу мен жалпылау қабілеттерін игеруде
байқалады, дене жаттығуларымен екі – ҥш жыл жҥйелі айналысқан соң
басталады. Бҧл процесс, әрине, жеке ерекшеліктерге ие, яғни біреуінде
мидың аталған қызметі тез дамыса, келесісінде – баяу дамиды. Жалпы
білім беретін және спорттық мектептерде жас спортшының елестету тәрізді
маңызды психикалық қабілетін дамытуға кӛмектеседі. Жас спортшыны
алдын ала даярлау сатысында елестету ӛз дамуының екі кезеңінен ӛтеді.
Спорттық қозғалыстың алғашқы ҥлгілері ақиқат нысанды жақын
сипаттайды, оларда бӛлшектері аз, тҧрақтылық кӛп, ӛзгерісі аз, ӛзара
байланыс әрекет пен ӛзгерісті кӛрсетпейді. Бҧл нысандардың жуық
шамадағы жағдайын олардың сипаттарын толық кӛрсетпейтін, бірақ сол
заңдылықтар бойынша жҧмыс атқара бейнелеп, анықтай білуді
қалыптастыру бағытында дамитын бейнелеуге (ӛнімді елестету) тән.
44
Туындаған елестетулер ақиқат бейнелерді жасайды. Бҧл жаста спорттық
дайындық сатылары мен Олимпиада ойындарында ӛнер кӛрсетуге дейін
маңызы зор шығармашылық елестетуді дамыту ҥшін алғышарттар болады.
Шығармашылық қабілеттің жоғары деңгейде дамуы спорттық жетілдіруде
тәрбиеленуші ҥшін де, тәрбиеші – жаттықтырушы ҥшін де қҧнды қызмет
кӛрсетеді.
Шығармашылық елестету жас спортшылардың жеке, ойлап
тапқандарымен байланысты тапсырмаларды орындауда қалыптасады
(барлық жаттығулар, ойындар, айла – шарғылар, т.б.). Бҧндай
шығармашылық ойындарда дамушы тҧлғаның сезімі, яғни оның ақиқат
нәрселерге деген кӛңіл кҥй кӛзқарасы айқын кӛрінеді.
Оқу
–
жаттықтыру сабақтары да басқа психикалық процестер тәрізді балалар кӛңіл
кҥйінің жалпы ойпатын ӛзгертеді. Жас спортшы біртіндеп мектептегі, спорт
секцияларындағы ҥйлеріндегі бірқатар мінез – қҧлық ережелерін меңгереді.
Осы ережелерді орындау барысында бала ӛз ісіне қанағаттану сезімін
басынан ӛткереді, ал оны жаттықтырушысы мақтаса, қуанғанын білдіреді.
Ережені бҧзу кейде жаттықтырушы тарапынан кӛңілінен шықпауы мҥмкін
деп қорқақтауды туындатады. Жас спортшыларда жауапкершілікті дамыту
осылай қалыптасады. Эстетикалық,
этикалық
және
адамгершілік
сезімдерді қалыптастырудың маңызы зор. Тӛменгі сынып оқушыларында
кӛңіл кҥй тҧрақсыз тез ӛзгеріп отырады. Жақын адамыңның немесе ересек
адамның қате әрекетіне деген тҥсінбеушілігі, ҧнатуы немесе немқҧрайлы
қарауы, яғни кӛңіл кҥй реакцияларының кӛрінуі ҥшін мазасыздануға жол
ашады.
Бҧл жаста болашақ азаматтың адамгершілік сапаларының
мықтылығы мен сенімділігінің іргетасы қаланады. Балалардың ерік – жігері
әлсіз және тҧрақсыз, сондықтан барлық педагогикалық қҧралдарды соны
жетілдіруге бағыттап, оларды зейін салып, мҧқият болуға қабылдаған
шешімін дер кезінде орындауға, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге ҥйрету
қажет.
Мҧнда жаттықтырушының орны оның дайындығы мен осы жастағы
балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын білуінің маңызы зор.
Дене жаттығулары сабақтарында жас спортшының, ерік-жігері бекиді,
яғни жаңа білімді іскерлік пен дағдыны меңгеру ҥшін ерік – жігер кҥші
талап етіледі, ол спорт дайындығының алғашқы сатыларында тҥрі мен
мазмҧны жағынан әр тҥрлі, жасына сәйкес спорттық жаттықтыру
қҧралдарымен және әдістерімен қалыптастырылады.
Жасӛспірімдік
кезең – бҧл ӛзіндік қалыптасу кезеңі. Жасӛспірім ӛзінің бойында кейбір
қарапайым міндеттерді дербес шешу ҥшін кҥш барын байқап, оның бойында
ӛзін ересектер санатына қосу қажеттігі туралы талап туындайды. Алайда
ересек және дербес талқылау орта есеппен 12-13 жастан басталатын ҥлкен
жасӛспірімдік жасқа ғана тән екенін ескеру қажет. Жасӛспірімнің
ӛзінің
жеке тҧлғасы туралы ӛз пікіріне сай орын алу талабы (кӛбінесе асыра
бағалау) оның мінез – қҧлқына, оқуына, жаттықтыруына деген кӛзқарасында
әсер етеді.
45
Сонымен қатар оқудағы, спорттағы табыстары ӛзіндік қалыптасу
қҧралы ретінде қолданылады. Бҧл жағдайда алдыңғы дайындық
сатысындағы жас спортшылармен жҧмыс барысындағыға қарағанда
басқаша педагогикалық қҧралдар талап етіледі.
Жасӛспірімнің, әсіресе, жыныстық жетілудің алғашқы кезеңіндегі
жасы (оны екінші жыныстық белгілерінің даму деңгейі бойынша дәл
анықтауға болады) педагогикалық ықпалдар ҥшін ӛте қиын болады.
Жасӛспірімнің
басынан
ӛткеретін
барлық
толқыныстары
мен
қиындықтарына отбасының, мектеп пен жаттықтырушы тарапынан ӛте
сезімталдық пен байсалды кӛзқарас қажет етеді.
Жасӛспірім ӛзін тҧлға
ретінде танып, мойындатуға қҧмар келеді. Бҧл кезеңде жас спортшыға ӛз
бетінше ширату жаттығуларын жасауға рҧқсат етіп, оны алдын ала даярлық
топтарына басшылық жасау мен жарыстарды ҧйымдастырып және ӛткізуге
қатысуға тарту қажет.
Жасӛспірімдердегі танымдық қызығушылықтары сан тҥрлі болып
келеді. Мысалы, заманауй әуеннен классикалық әуендерге дейін спортпен
шҧғылданудан ӛлең жазуға дейін, т.б. Бҧл әрине, жоғары дәрежелі
спортшыны қалыптастыру ҥшін де, жеке тҧлғаны жан – жақты дамыту ҥшін
де қолайлы жағдайлар тудырады. Жасӛспірім қоршаған ӛмірді тҥсіну ҥшін
кӛп біліп, ӛз білімін дербес толықтыру қажет екенін біледі. Оқыту
барысында ол ойға тоқудың пайдасы кӛп екенін тҥсінеді, бірақ оқу
әрекетінде әлі де механикалық есте сақтау жиі қолданылады.
Бҧл жаста
есті ҧсақ – тҥйек дәйектермен артық жҥктемелеудің қажеті жоқ, себебі олар
жасӛспірімнің зейіні ҥшін негізгі ақпараттарды сіңіруге кедергі келтіреді, ал
ес жыныстық жетілудің алғашқы кезеңінде біршама тӛмендейді. Жасӛспірім
бір әрекет тҥрінен екінші тҥрге тез ӛтеді, бҧл кӛптҥрлілік оған ӛте ҧнайды,
бірақ алғашқы даярлық сатысындағы жас спортшылардағыдай жиі болғанын
қаламайды. Бҧдан кейін жасӛспірім жҧмыстың бір тҥріне терең ден қойып
айналысып
қалғанының
барлығын
ҧмыт
қалдырады.
Спортшы
жасӛспірімнің зейіні оқу-жаттықтыру сабақтары уақытында дене
жаттығуларын оқытқанда бір шама жақсарады. Оқыту
барысында
ойлау
белсенді дамиды. Жасӛспірім ғылыми ҧғымдарды меңгеріп, оларды
қорытып, кӛптеген жалпы талқылауларды айтады. Оның ойы абстрактылы
сипатта болады. Бҧл кезде спорт жӛнінен теориялық білімнің кҥрделі
курсына оның шамасы жетеді, ол жалпы білім беретін мектептерде
меңгеріп, спорттық жаттықтыру барысында алған білімін қорыта алады.
Жоғары дәрежеде елестету жас спортшыға ойша олимпиада
чемпионына, ҧшқышқа, т.б. айналуына мҥмкіндік береді. Бҧндай
арманшылдық мәні жағынан болашақ жҧмысына дайындық болады, ал
жаттықтырушының спорт қаһармандары туралы айтқан әңгімелері
жасӛспірімді ӛз арманын шындыққа айналдыруға болатынына кӛз жеткізеді.
Жасӛспірімдердегі қуаныш сезімі қойған мақсатына жеткен кезде жиі
кӛрінеді, ол қатты қуанғанымен, тӛменгі сынып оқушыларында кӛрінетін
қызу кӛріністен ерекшеленеді.
Жасӛспірімдер
ӛз
сезімін,
әсіресе
ашуланғанда қызу кӛрсетеді. Қоршаған ортаға жасалған әрекеттер мен
46
айтылған сӛздерге ӛте сезімтал келеді, ол тҧлғаның оң қасиеттерінің
қалыптасуы мен адамгершілік тәрбиені кҥшейтуге жақсы жағдай тудырады.
Дене жҥктемелерін орындауда, қиын және кҥрделі жаттығуларды
орындағанда жасӛспірім ерік жігерін барынша кӛрсетеді. Алайда, бҧл
жастағы жігерді тәрбиелеу мен оны қалыптастыру оқушылар немен
айналысуы, қандай мақсатта айналысуы қажет болған жағдайда ӛте тиімді
болады. Мақсат жоғары болған сайын, жасӛспірімге оның қоғамдық мәні
анық болып, оның спорттық әрекетін ҧйымдастыру жеңіл болады.
Бҧл жастағы әлеуметтік белсенділік ересектер әлеміндегі қарым-
қатынаста кездесетін нормаларды қҧндылықтар мен қасиеттерді меңгеруде
тез қабылдаудан кӛрінеді.
Спорттық жетістіктер жасӛспірімнің ӛзіне
жаттықтырушысы оқу-жаттықтыру сабақтары барысында қойған кҥрделі
міндеттерді шешіп, жоғары нәтижелер кӛрсете алатынын білдіреді. Алайда,
тҧлға әлі толық қалыптаспаған. Жасӛспірім спортта қаншалықты
жетістіктерге жеткенімен, ӛз әлемі, ӛзінің ақиқат ӛмірге деген
қызығушылығы бар жасӛспірім болып қалады, ал спорт жҧлдызы болған
жасӛспірімдерге парасатты жаны ауыратын мәдениетті оқытушы –
жаттықтырушы ӛте қажет. Жасӛспірімдік жас барлығында бірдей уақытта
аяқталмайды, бҧнда жеке тҧлғалық ерекшеліктер кӛп байқалады. Осы жас
кезеңі аяқталған соң жеке тҧлғаның одан ары қалыптасуы ӛзгешерек
болады, ол жастық шақ деп аталады.
Бҧл кезеңде спорттық табыстар
аймағына жетуде біршама жыныстық айырмашылықтар байқалады. Қыздар
ҥшін ол 12-14 жаста (жҥзу, спорттық және кӛркем гимнастика, конькимен
мәнерлеп сырғанау), ал ҧлдар ҥшін – 14-15 жас-жҥзу 13-16 жас-конькимен
мәнерлеп сырғанау тҥрлерінде, басталуымен ерекшеленеді. Бҧл ҥйлесімділік
қабілетінің жоғары деңгейін талап ететін спорт тҥрлері ҥйлесімділікпен дене
қабілеттері қатар қажет болатын спорт тҥрлерінде бозбалалық жаста нәтиже
кӛп жоғары болады.
Жастық шақ – тҧлғаның биологиялық есеюі мен
қалыптасуының аяқтаушы сатысы К.Ушинский жастық щақты жандыратын
алауда адамның мінез – қҧлқы шыңдалып шығады, сондықтан бҧл алауды
ӛшірмей, одан қорықпай, оған қоғам ҥшін қауіпті деп қарамай, оның еркін
жануына кедергі келтірмеу керек, ал бҧл жастағы адамның жанына
қҧйылатын материалдың сатысы жақсы болуын қадағалау қажет деп жазды.
Бҧл жаста тҧлғаның ӛз - ӛзіне қоятын талабы кҥшейеді. Қоғамның
талаптары мен ӛзіне талап қоя отырып, жастар ӛзінің ар-ҧятына жҥгінеді,
ӛзін ӛз қателігі ҥшін сынға алып орындалған парызынан мақтаныш сезінеді.
Жастық шақ қажеттіліктері мазмҧны жағынан әртҥрлі, ол жігітті
немесе қызды тәрбиелейтін отбасының тҧрмысына байланысты болады.
Осы жерде кӛптеген жас спортшылар кӛпжылдық спорттық даярлықтан
ӛткен соң, адамның мәдениеті қарым-қатынасы және киіміндегі
қажеттіліктердің тек еңбекпен ғана анықталып, қамтамасыз етілетінін
білгенін айта кету керек. Бҧл жаста тҧлғаның біршама кҥш салуын талап
ететін дене жҥктемелері арқылы ғана қол жеткізетін дене және спорттық
жетілдірудің қажеттілігі ҥлкен. Бҧл
жаста
спортшылардың
қызығушылықтары – олардың пікірлері мен еліктейтін тҧлғаларына қарай
47
тҥзету жҥргізген дҧрыс. Оларда қаланың, облыстық еліміздің қоғамдық –
саяси ӛміріне қызығушылығы артады. Жастық шақта есте сақтаудың барлық
тҥрлері дамиды, ол ендігі айқын сипат алған спорттық қабілеттерді
жетілдіру ҥшін қажетті тҥрлі қҧралдар мен әдістерді пайдалануға мҥмкіндік
береді.
Жоғары деңгейлі абстракциялау мен қорытындылауға байланысты
ілімдік ойлау дамиды, бҧл спорттық әдебиеттерді ӛзін-ӛзі жетілдіру ҥшін
кең пайдалануға мҥмкіндік береді. Жасӛспірімдерге қарағанда жас жігіттер
елестету әрекетін нақтылап, ӛз арманын мҥмкін болатын ақиқатпен
салыстыра біледі. Адамгершілік сезімі саналы іске айналады, ал сыртқы
бейнелері қоғамдағы қалыптасқан тіртіпке сәйкес реттеледі. Жас спортшы
спортпен айналысу және жастық жекпе – жек барысында қалыптасқан
белгілі ерік – жігер сапаларын меңгерген соң, ӛзінің жаттықтыру
сабақтарын, сондай – ақ ӛзінің жасы кіші топтардың сабақтарын дербес
ҧйымдастыра алады. Бҧл жастағы дербестік - ӛмір талабы, жетістікке жетуге
арналған міндетті шарт, жан – жақты қажеттілік. Тҧлғаның тереңдетілген
спорттық
жаттықтыру
сатысындағы
даму
қалыптасудың
негізгі
ерекшеліктерінің бірі осыдан кӛрінеді. Жас
спортшының
тҧлғалық
қалыптасуы
мен
психикалық
дамуында
қарастырылған,
жас
ерекшеліктерінің есебі – оқу – тәрбие жҧмыстарындағы оқу-жаттықтыру
процесін қҧрудың негізі кӛп жылдық дайындықтың тҥрлі сатыларында тҥрі
жағынан да, мазмҧны жағынан да ӛзгеріп отыратын педагогикалық
ықпалдардың әдістермен қҧралдарын таңдау. Адамгершілік ағарту – бҧл
оқытушымен жаттықтырушының оқушылардағы адамгершілік сананы,
адамгершілік ҧғымы мен сезімін қалыптастыруға бағытталған әрекеті.
Адамгершілік ағартудың негізгі әдісі дара және топтық этикалық
әңгімелесу, ақпараттық хабарламалар, саяси және рухани - әдеп
тақырыбындағы дәрістер, пікірталастар, конференциялар мен спорттық
кештер тҥрінде атқарылатын кӛз жеткізу болып табылады.
Кӛз жеткізу әдісі іс-тәжірибеде тек тәрбие қҧралы ғана емес, сондай –
ақ оқушыны қайта тәрбиелеуші қызметін де атқарады, сондықтан мынадай
педагогикалық амалдар қолданылады:
1.
Аталған жағдай туралы әңгіме. Жаттықтырушының ойлап тапқан
ӛмірде орны бар оқиғалары мен дәйектері, оқушының сӛзболып
отырған жайтқа ҧқсас әрекеті ӛзін-ӛзі ҧстауға ҥйретеді.
2.
Бегісіз тҧлғаға қарата айту. Бір оқушыны немесе мҧғалімді мысалға
алып, бірақ тек оған емес, бҥкіл топқа қарап, оған ӛз қатесіне дербес
талдау жҥргізуге мҥмкіндік береді. Балаларға жақсы деп атап
кӛрсетпей, жақсыны кӛрсетеді, балалар оның жақсы екенін тҥсіну ҥшін
жаманды да атап кӛрсетпей ҧсынады, сӛйтіп жаманнан жиренуге
тәрбиелейді.
3.
Мінез-қҧлық туралы «кездейсоқ» берілген ақпарат. Бҧл педагогикалық
амалдың ерекшелігі мынада: мҧғалім ӛзі жоқ оқушының тәртібі туралы
айтады, әрі бҧл әңгіменің ол оқушыға жететінін біледі. Мҧғалім бҧл
48
оқушының жетістіктері туралы айтып, оның алған бағасы туралы,
жіберген қателері жӛнінде дәлелдемелер келтіруіне кӛмектеседі.
Адамгершілік ағарту бҧрынғы және қазіргі ҧлы адамдардың,
мҧғалімдері мен ата – аналарының ӛмірінен алынған мысалдар мен
әрекеттерге қҧрылады. Әрине, оқушы ҥшін ең бірінші ҧстазының ӛзі ҥлгі
болуы керек. Оқушының сана – сезіміне сӛзімен де, ісімен де әрдайым ҥлгі
бола білген жаттықтырушы балаларда адамгершілік ҥлгісін қалыптастырып,
адамгершілік мінез-қҧлқын тәрбиелеуге кӛмектеседі.
Адамгершілік
жинақтаған тәжірибе кӛңіл-кҥйді қанағаттандыратын дене жаттығуларымен
шҧғылдану (егер олар педагогикалық тҧрғыдан дҧрыс ҧйымдастырылса) ол
нағыз адамгершілік тәжірибе жинақтау мектебі. Бҧндай сабақтарда жаттығу
әдісі кең қолданылады, яғни қимылдар мен іс-әрекеттерді бірнеше рет
қайталау нәтижесінде адамгершілік дағдылар қалыптасады.
Қимылды
бірнеше дҥркін қайталау барысында оқушылар олардың пайдасын тҥсініп,
саналы тҥрде орындауы тиіс, мҧғалім барлығына бірдей талап қойып,
орындалу талаптарын кҥрделендіреді. Мҧндай шарттар бірте-бірте
қиындықтарды жеңуге, ҧжымдық әрекетке, тәртіпке (жҥйелі талаптар
арқылы), дербестікке және ӛзіндік тәрбиеге ҥйретеді.
Мысалы, жақсы
денсаулық кепілі ретінде кҥн тәртібін сақтау – міндетті шарт. Алайда
оқушылардың барлығы бірдей бҧл шартты орындай бермейді, кез-келген
адам ӛзін ҧйқыға жатар алдында қызықты кино кӛруден тия алмайды. Бҧл
ҥшін ең алдымен ағарту жҧмыстары, сосын дағдыны ҥйреніп, бірте-бірте
қалыптастыру жҥргізіледі. Жаттықтыру сабақтары тәрбиелеуге жағдай
жасайды, ол қозғалыс ойындарын, жарыстарды, кезекшіліктерді
жҥргізгенде, ортақ тапсырмаларды орындағанда, спорттық жабдықтарды
дайындағанда, ӛз бетінше ширатуды орындағанда мҥмкін болады.
Кейбір жаттықтырушылар дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында
оқушыларды тәрбиелеу «автоматты» тҥрде жҥреді деп есептейді. Бҧл қате
пікір. Тек әрбір сабағында нақты міндеттерін қойып, оларды шеше алатын
педагог қана жас ҧрпақты тәрбиелеуде жетістікке жете алады.
Жас спортшы тәрбиесіндегі жаттықтырушының алатын орны ерекше,
сондай-ақ бҥкіл ҧжым баға беретін адамгершілік бағалануының бірлігін,
яғни ҧжым мен қоғамдық пікірді толық бағалау қажет. Әрбір іске ҧжымдық
баға беру – жас адамның жеке тҧлғасына әсер ететін ең тиімді әдіс. Алайда,
осы педагогикалық амалды қолданбас бҧрын жаттықтырушы ӛзін - ӛзі
басқарудың негізі болып табылатын тату, бастамашыл, тәртіпті ҧжым
қҧрып, қалыптастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |