СПОРТШЫЛАР ШАРШАУЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА
КЕЛУІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
аға оқытушы Аманкулов Б.И.
студент Жұмабаев О.Д.
Шымкент университеті, Шымкент қаласы
Аннотация
Бұл ғылыми мақалада спортшылардағы шаршау мен қалпына
келтірудің физикалық негіздері сипатталған.
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және жоғары
жетiстiктер спортының жай-кҥйi, әлемдiк спорт дамуының қазiргi заманғы
ҥрдiстерi республикада спортты дамыту жӛнiнде тҥбегейлi шҧғыл шаралар
қабылданбайынша Қазақстандық спортшылардың әлемдiк аренадағы
кӛрсеткiштерi тӛмендей беретiнiн кӛрсетiп отыр.
Халықаралық стандарттардан қалуымыздың себебi ең алдымен бҥгiнгi
кҥнi әлемдiк биiк талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы спорт
базаларының аздығы және спортшы даярлаудың жаңа ғылыми-
әдістемелерінің әлсіз дамуы болып табылады.
50
Қазiргi заманғы спорт деңгейi ӛзiнiң даму сатысында спорттық
нәтижелердiң ӛсуiнде ғылыми және инженерлiк жетiстiктерге негiзделген
жаңа кӛзқарастарға маңызды рӛл бередi. Жаңа спорт ареналары,
жаттығулар мен жарыстар ҥшiн арнайы жағдайлар жасау iсiндегi жаңа
жетiстiктер, арнайы киiм, қҧрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және
қҧрастыру әлемнiң мықты спортшыларының кӛрсеткiштерiн кҥрт
жақсартуға жеткiздi, ХХI ғасырға спорттың қандай негiзгi бағыттарда
қарыштап енетiнiн кӛрсетіп отыр.
Республика халқының дене қозғалысы белсендiлiгiнiң тӛмендiгi жҥрек-
қан аурулары мен тыныс жолдары мҥшелері ауруларынан ӛмiр сҥру
жасының қысқартуына әсер етіп және ӛлiм деңгейiнiң жоғары болуына әкеп
соқтыратын факторлардың бiрі болып отыр. Ел тҧрғындарының тҧратын
аймағына қарай 5-тен 10,5 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен
жҥйелi тҥрде шҧғылданатындығы белгілі болып отыр. Осы жағдайды шҧғыл
тҥзету ҥшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев ӛзінің 2010 жылғы жолдауында
Бҧқаралық спортпен шҧғылданушылар санын 2020 жылға дейін 30 пайызға
жеткізу қажеттігін атап кӛрсетті.
Республикадағы жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының тек 56,5
пайызында ғана бiр ҥлгiдегi спорт залдары және 14,9 пайызында
бейiмделген спорттық жайлары бар.
Республикадағы орта және жалпы кәсiптiк бiлiм беру ҧйымдарындағы
оқу сабақтарының кӛлемi ғылыми негiзделген нормативтен 3-4 есе тӛмен.
Қозғалыс белсендiлiгiнiң жоспарланған ғылыми негiзделген деңгейiне жету
ҥшiн жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында дене шынықтырудан аптасына
мiндеттi ҥшiнші сабақ енгiзу қажет, оқу ҥрдісін спорттық жабдықтармен
қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр.
Сабақтан бос уақытта сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық бҧқаралық жҧмыс дамымай отыр. Тҧмау және тҥрлi созылмалы
ауруларына бейiм балалардың және жасӛспiрiмдердiң саны арта тҥсуде. Бҧл
ретте, денсаулығына байланысты арнайы медициналық топтардағы
оқушыларға сабақ жекелеген оқу орындарында ғана жҥргiзiледi.
Тҧтас алғанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жҧмысының
жай-кҥйi бҧқаралық спортты одан әрi дамыту, халықтың арасында дене
шынықтыру-сауықтыру жҧмысын жандандыру, спорт ізбасарлары мен
халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жӛнiнде кiдiрiссiз, нақты
шешiмдер қабылдауды талап етіп отыр.
Мемлекет дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк
саясатты қалыптастыру жолымен, дене шынықтыруды және спортты
дамытудың тиiстi қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-
әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк қҧқықтық қамтамасыз
етiлуiн қҧру арқылы қатынастарды реттейдi, барлық ҥлгiдегі балалар мен
жасӛспiрiмдер спорт мектептерiнiң, азаматтардың тҧрғылықты жерi
бойынша спорт және балалар клубтарының, мҥгедектерге арналған
мамандандырылған топтардың, емдеу-дене шынықтыру диспансерлерi
51
санын кӛбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту ҥшiн
жағдайлар жасайды.
Дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту; халықтың дене
шынықтырумен және спортпен шҧғылдануы ҥшiн жағдайлар жасау,
олимпиадалық, ҧлттық, техникалық қолданбалы спорт тҥрлерiн және халық
ойындарын дамыту, саланы басқарудың оңтайлы жолдарын және қазiргi
тәсiлдемесiн белгiлеу, бҧқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спорты
саласында спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды
дайындаудың республикадағы спорт мектептері іске асырады.
Спорттық ғылымда дарынды балаларды іріктеу мәселесі жеке ғылым
ретінде қарастырылып, ҥлкен жҧмыстар атқарылып келе жатқандығын
айту керек. Осы жҧмыспен спорттық мектептерде жаттықтырушы тікелей
жҧмыс жасайды. Оларға әр бала мҥмкіндіктерін анықтап болжау және қай
спорт тҥріне икемі бар екендігін білу тапсырылған. Осылай бола тҧра спорт
мектептеріндегі іріктеу жҧмысы кеңес одағы кезіндегі қалыптасқан
тесттілік-сынақ ретінде ғана іске асырылып келеді. Жас спортшыны
спортқа бейімдеу, оның мҥмкіндігін анықтау, жетілдіру жолындағы
педагогикалық әдістемелер жетілмеген. Қазіргі Егеменді Қазақстан
жағдайына сай бейімдеу жҧмыстары спорт мектептеріне
енгізілмегендігін кӛреміз.
Спорттық мектептердегі оқу-жаттығу кезеңдеріндегі іріктеудің
неғҧрлым ақпараттық жолын табу қазіргі кездегі спортшыны
бағалаудың негізі болып келеді, осы жолды табу арқылы болашақ оқу-
жаттығу жҧмыстарын жоспарлауды іске асыруға болады.
Спорттық іріктеу жҧмыстары педагогикалық, медициналық,
биологиялық, физиологиялық, психологиялық жақтарын қатар жҥргізу
жағдайында сәтті болатындығын тәжірибе кӛрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты
дамытудың 2007-2011 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасының
5.6 Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау
бӛлімінде «Дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, спорт резервін
даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу-
халықаралық спорт ҧйымдарының жылдам ӛзгермелі талаптарын,
спортшыларды даярлаудың тҥрлері мен әдістерін ҥнемі жетілдіруді,
жаңадан келгендерден бастап халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне
дейін, республика спортшыларын тәрбиелеу жҥйесін одан әрі дамытуды
ескере отырып, оқу-жаттығу ҥрдісін ҧйымдастыруға деген жаңа
кӛзқарастарды талап етеді.
Спорт
ізбасарларын даярлау және халықаралық дәрежедегі
спортшыларды тәрбиелеудегі проблемаларды табысты шешу ҥшін
тҥпкілікті нәтижеге – Әлем, Азия чемпионаттарында, Азия және Олимпиада
ойындарында жҥлделі орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды
тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін факторларды қатаң ескеру қажет, оларға:
- таңдаған спорт тҥріне мамандану ҥшін оның арнайы талаптарына
жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жҥйесінің қатаң тҥрде сай болуы;
52
- спорт мамандығын таңдау, кӛпжылғы даярлықтың кҥллі жҥйесін
әзірлеу, жарыс қызметінің тиімді қҧрылымын анықтау кезінде нақты әрбір
спортшының жеке бейімділігі мен қабілеттеріне барынша ден қою;
- жаттығу және жарыс жҥктемесінің, демалудың, тамақтанудың,
жҧмыс қабілетін қалпына келтіру, ынталандыру қҧралдарының және іс-
қимыл мҥмкіндіктерін жҧмылдырудың қатаң теңгермелі жҥйесіне ҧмтылу;
- даярлықтың дәстҥрден тыс қҧралдарын кеңейту - спортшы ағзасының
мҥмкіндіктерін толық ашуға мҥмкіндік беретін аспаптарды, жабдықтарды
және әдістемелік тәсілдерді пайдалану.
Спортшылардың жаттығу әсерлерінің факторларына бейімделу
ҥрдістерін жеделдетуге, олардың басты жарыстарға тікелей даярлығының
тиімділігін арттыруға мҥмкіндік беретін орташа биіктіктегі және биік
таудағы жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін
жетілдіру, бҥкіл спорттық жаттығу жҥйесін жарыс қызметінің оңтайлы
қҧрылымына қол жеткізуге бағдарлау» деп кӛрсетеді.
Осы кӛрсетілген талаптарды іске асыру мақсатында Қазақстан
жағдайында спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында спортқа
дарынды балаларды іріктеудің және жаттықтырудың жаңа тың жолын
ҧсыну болып табылады.
Республикада жас балуандардың дайындығына педагогикалық бақылау
жасау, кҥрестің әдістемесі мен теория мәселелерінде аз зеріттеліп жҥрген
тақырып.
Әдебиеттерді талдау және алдыңғы қатарлы спорттық тәжірибе
кӛрсеткендей педагогикалық бақылаудың кӛбінесе әдістемелік негіздері жоқ
болып келеді. Жас балуандар дайындығын әр қырынан қарағанда заман
талаптары спорт ізбасарларын дайындау жҥйесіне сай емес. Жас балуанның
дене-кҥш дайындығы кезеңді бақылау мәселесі мен қажетті дене-кҥш даму
деңгейін бағдарлау осы уақытқа дейін толық қаралмай келген іс.
Спортпен жҥйелі шҧғылдану ӛсіп келе жатқан ағзаның тірек-қимыл
жҥйесіне әсер етеді. Сҥйектердің қабықты бӛлімінің жуандауы есебінен
қаңқа біршама мықты болады. Бҧлшық еттер кӛлемі артады, олардағы
қылтамырлар саны артып, қан айналым жақсарады. Кейбір спортшылардың
бҧлшық еттері жалпы дене салмағының 50 % қҧрайды.
Спорттық шынығу бҧлшық еттер қҧрылымына да біршама әсер етеді:
жас спортшылардың бҧлшық еттері біркелкі жетіледі, содан дене бітімі
жақсы жетіледі. Мектеп жасындағы балалардың басым бӛлігінің (орташа
есеппен 70%) дене тҧрқында тҥрлі кемістіктердің болатындығын ескерсек,
мҧның маңыздылығы арта тҥседі.
Бҧлшық еттер гипертрофиясымен бір уақытта олардың функционалды
кҥйі жақсарады, атап айтқанда, ырғақ сезімі, қимылдар ырғағы, қимылдарды
орындау барысында кейбір бҧлшық ет топтарының ширығу және босаңсу
деңгейін сезіну, дененің кеңістіктегі кҥйін сезіну сияқты қасиеттерден
қҧралатын «бҧлшық ет сезімталдығы» деп аталатын сезімталдықтың жоғары
деңгейін қаматамсыз ететін жҥйке-бҧлшық ет реттелуі жетіледі. Жас
спортшылардың бҧлшық еттері кҥшінің кӛптігімен ерекшеленеді, сіңірлер
53
ӛзінің серпімділігін ҧзақ уақыт бойы сақтап тҧра алады, ал буындар
қозғалмалы келеді.
Шынығу барысында ағзаның барлық қызметінің жҥйкелі реттелуі
жҥзеге асырылады, ішкі ағзаның жҧмысында қатаң тҥрдегі ҥйлесімділік,
ағзаның барлық жҥйелерінің дене жҥктемесінің ӛзгермелі тәртібіне тез
бейімделуі байқалады.
Жҥйелі тҥрде спортпен шҧғылдану баланың ақыл-ой қабілетін
жетілдіреді, ӛйткені шынықтыру барысында балалардың сезім мҥшелері
жетіліп, есте сақтау қабілеті жақсарады, тәжірибелік тҥйсіну, бақылау, назар
салу қабілеттері артып, нәтижесінде жас спортшыларды жалпыға білім беру
мектептерінде сәтті оқытуға болады.
Ақыл-ой жҧмысқа қабілеттілігі денелік даму деңгейімен және жалпы
денсаулық кҥйімен тығыз байланыста болады. Жас спортшыларда бҧл
жағынан да ӛз қатарларымен салыстырғанда біршама басымдылықтар бар,
ӛйткені олардың денелік дамуы мен денсаулық деңгейі дене
шынықтырумен және спортпен шҧғылданбайтындармен салыстырғанда
біршама жоғары болып келеді. Бҧдан басқа, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен
кезектестіріп отыру мектеп оқушыларының ақыл-ойлы жҧмысқа
қабілеттілігін әлдеқайда арттырады.
Спортпен шҧғылдануда - баланың жеке тҧлға ретінде психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастыру мен дамытуда маңызы зор. Қазіргі кезде дене
жаттығуларымен шҧғылдануды ҧйымдастырудың басқа қҧралдары мен
тҥрлері емес, спорт тҥрі денесінің қимылдарын керемет меңгерумен, кҥштің,
тӛзімділіктің дамуымен байланысты қабілеттерді айқындауға мҥмкіндік
бере отырып, жасӛспірімдердің әсіресе жастардың психологиялық даму
ерекшеліктеріне сай келеді деген болжам бар. Спортпен шҧғылдану артық
дене қуатының кӛшеде кҥшпен айқындалуынан сақтайды, жыныстық
инстиктінің тым ерте басталуын тежеп балалардың табиғи талпынысын
дҧрыс бағытқа салуға кӛмектеседі.
Спортпен шҧғылдану жас спортшылардың бойында кҥш, еріктілік,
батылдық, қайсарлық, ӛзіне деген сенімділік, жеңіске деген талпыныс,
ҧстамдылық, тәртіптілік сияқты оң қасиеттердің қалыптасуына әсер ете
отырып, спорттық қызметтің жҥйелі, ҧзақ шынығуға, жоғары жетістікке
жетуге баулиды.
Балалар мен жастар спортпен тек қана ӛз рахаты ҥшін ғана
шҧғылданып қоймайды, спорт оны ӛз Отаны ҥшін еңбек етумен, оны
қорғауға дайын шынайы азамат болып қалыптасуына кӛмектеседі.
Тәрбиелеудің басты мақсаты-адамды жоғары мәдениет, жоғары
зияткерлік, спорттық этиканың иесі етіп тәрбиелеу.
Шынықтыру барысында спорттық қызметінің арнайылығына орай,
ӛнегелі тәрбиелеудің міндеттерін сәтті шешудің жағымды жағдайларын
тҥзеді. Балалар ҧжым ішінде бапкердің кӛмегімен шыныққан кезде
жолдастарының қолдауы мен талаптарын сезінуге, сондай-ақ, жалпы
еңбектің қуанышын тҥсініп, сезінуге ҥйренеді.
54
Дәйекті шынығу, спорттық сайыстарда адамның спорттық парыз,
намыс, адалдық, шыншылдық сияқты моральдық қасиеттері тереңдетіліп,
тексеріледі. Осы жерде еңбекқорлық, тәртіптілік, мінез-қҧлық мәдениеті,
белсенділік, дербестілік, жауапкершілік, батылдық сияқты ӛнегелі мінез-
қҧлықтың тәжірибесі қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |