Көрші халықтармен қарым-қатынастары — үйсіндер ерте замандағы Орталық Азиядағы этникалық-саяси бірлестіктердің бірі деп саналды. Үйсін мәдениетінің ескерткіштері ұлан-байтақ Жетісу, Ферғана (ішінара) аумағы- на және тегінде, Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне де таралған. Б. з.б. II ғасырда халқының саны 630 мың адам болған үйсіндер атты әскерлер мен жаяу садақшылардан тұратын көп әскер шығара алған. Гуньмо мен тақтың екі мұрагерінің жасағы әрқайсысында 10 мыңнан 30 мың атты әскерден тұратын. Б. з. б. 73 жылдың өзінде-ақ үйсіндердің жері үш бөлікке: сол жақ (шығыс), он жақ (батыс) және гуньмоның өзіне қарасты орталық бөліктерге бөлінді, бірақ олардың бәрі «Гуньмога жоғаргы дәрежеде тәуелді» болды. Оның ордасы Чананнан 8900 ли немесе Вынсудың (Ақсу) солтүстігінде 610 болатын, Іле өзенінің оңтүстік жағалауы арасында орналасқан Чигу қаласында болды.