Бірқатар иеліктер немесе тайпалар үйсіндердің бөлігінде немесе ықпалында болған деп жорамалдауға негіз бар. Мысалы, «Цяньханьшуда» — үйсіндер «өзіне басқа да көптеген иеліктерді бағындырды», «Давань-чжу- аньда» — «көршілес шағын иеліктерге шабуыл жасады» деп көрсетіледі, ал Янь Ши-гу: «бағындырган бойда вассалдарға айналдырады» деп нақтылай түседі. Хюсюньдер, гюаньдулар (цзюаньдулар), юйтулар немесе уштар сондай тайпалар мен иеліктер болса керек. Әдет- ғұрпы мен киім-кешектеріне қарағанда олардың бәрі үйсіндерге жақын тайпалар. Б. з. б. I ғасырда Согюй немесе Яркян иелігінде жергілікті аксақалдар мен билеушінің өтініші бойынша, «үйсіндіктердің ізгілікті мейіріміне бөлену» үшін гуньмо Ван-Гуймидің ұлы Ваньнянь билеуші болды. Үйсіндер неке одақтарын жасасу арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Мәселен, б. з. б. 69 жылы нақ сол Ван-Гуй ми өзінің қызы Дишиді Кучи билеушісі Гянбиньге берген. Үйсіндермен одақ жасасуға мүдделі болған Хань империясы мен Ғүндар хань және ғұн ханшаларын үйсін гуньмоларына күйеуге беріп отырған. Көршілес жатқан аумақтардың кейбір иелері жау шапқан кезде үйсіндерден қорғаныш іздеген. Мәселен, солтүстіктегі чештердің билеушісі Угу ғұндардан бас сауғалап, б. з. б. 68 жылдан 62 жылға дейін үйсіндерде тұрған.