Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі



бет2/3
Дата17.05.2023
өлшемі20,07 Kb.
#176981
1   2   3
Байланысты:
Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі.

Шынықсаң шымыр боларсың.

Таяуда ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде мектеп кітапханашысы Ұлболсын Коижанқызы мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұрат Серікұлының ұйымдастыруымен «Жанша Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл», «Сырым Датұлының туғанына 275 жыл», «Алаш қозғалысының 100 жылдығына» орай 5-6 сыныптар аралығында «Денсаулық елінде» атты спорттық-эстафеталық сайыс болды. Сайыстың мақсаты Н.Ә.Назарбаевтің Халыққа Жолдауындағы «Салауатты өмір салтын қорғау және оқушыларды спортқа тарту» болып табылады. Сайысқа үш команда қатысты. Құттықтау сөзбен мектеп директоры Нұржауған Жанатауқызы сайысты ашып, оқушыларға сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. Сайысқа әділ баға беруші қазылар алқасында Орал педагогикалық колледжінен машықтан өтіп отырған тәлімгерлер Қайыржан Нұрбаев пен Жансая Ғизатова және дене шынықтыру пәні мұғалімі Кемел Сағидоллаұлы болды.


Сайыс сегіз ойын түрінен құралған. Атап өтетін болсам Таныстыру, сұрақ-жауап кезеңі, спорт туралы өлеңді мәнерлеп оқу, қол күресі, ұлттық ойын арқан тарту, секірме жіппен серкіру, допты ұрып себетке дәлдеп тастау, қапты киіп мәреге жету. Әр сайысқа оқушылар ынта жігермен қатысып, шеберлікпен тапсырмаларды орындап отырды. Сайыстың қорытындысы бойынша 5б сыныбы бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынды 5а сыныбы, екінші орынды 6 сынып иеленді. Жарыс соңында жеңімпаз топпен жеке ойыншылар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Жармуханбетова Улболсын Койжановна
ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені КММ-нің кітапханашысы
Аналар – асыл жандар.

Көздің жауын алатын, көңіл күйді көркейтетін көктем біздің өмірімізге де келіп жетті. Осы бір ару мезгілдің ажарын аша түсетін қырмызы қыздарымыз, ардақты аналардың мерекесі қарсаңында ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде сан алуан мерекелік шаралар оздырылды. Солардың бірі «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік концерт өте жоғары деңгейде өтті.


Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі осы аналарға арналған мерекелік шараны мектебіміздің өнерлі де белсенді 8 сынып оқушылары Елеуов Қондыкер, Меңдіғали Айбек жүргізді. Мерекелік шараны «Анашым» әнімен 6 сынып оқушысы Ерболатова Гүлназым ашты.
Ана дегеніміз әлемнің жарық дүниесі деп аналарға арналған жүрек жарды тілегімен бірге мектебіміздің жас бишілері Сырымбетова Аяулым мен Хамиева Аида Хорезм және Испан билерін тарту етті. Сүйкімді қыздар мен қадірменді ұстаздарына және барлық аналарға арнап түрлі байқаулардың жүлдегері Елеуов Қондыкер ән шашуымен домбыраның қоңыр үні көрерменнің жүрегінен мәңгіге орын алды.
Мектебіміздің ең бүлдіршін әншілері Жиһанша Інжу, Батырбекова Аяжан аналарға арнап «Сегодня мамин праздник» және «Анашым» әндерін тарту етті.
Ана жұмақ мен шуақ сая бағым деп мектебіміздің өнерлі, белсенді 3 сынып және 5 сынып ер балалары аналарға арналған өздерінің жүрек жарды өлең жолдарын тарту етті.
Анамызды сүйеміз,
Сөздерін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз деп ағайынды Мұхит және Амина Мералиевтар «Мамотенка» әнін нақышына келтіре орындап, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Мерекелік кештің соңы 10 сынып ер балаларының ұстаздарға арналған тілегімен гүл шоқтары беріліп және 10 сынып оқушысы Елегенова Розагүлдің орындауындағы «Асыл анам» әнімен аяқталды.
Жармуханбетова Улболсын Койжановна
ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені КММ-нің кітапханашысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет