Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі



бет1/3
Дата17.05.2023
өлшемі20,07 Kb.
#176981
  1   2   3
Байланысты:
Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі.



Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі.
Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы. Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, ақ тілеулерін айтады. Сол күні көпшілік қазақтың ұлттық киімдерін киіп, әр үйде мерекелік дастархан жайылады.
Ата-бабамыздың бұрынғы салтымен апа-әжелеріміз жеті түрлі дәмнен құралатын мерекелік тағам наурыз көже дайындайды. Бұл күні алаңға халық өте көп жиналады. Мереке күні ұлттық ойындар, асық ойнау, күрес, арқан тарту, мерекелік ән шашу, көріністер тағы басқа көптеген шаралар өтеді.
Ұлыстың ұлы күні жұмыс істемейді, іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді. Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды деп үйдің есігін ашып отырады. Жастар үлкен кісілерден бата сұрайды, ренжісіп қалған адамдар бір-бірінен кешірім сұрайды.
Наурыз мерекесі күні аталарымыз:
Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын! деп адал ақ ниетпен баталарын береді.
Наурыз – Қазақстан халқының барлығының басын біріктіретін ұлық мереке. Сондықтан еліміздің барша халқын, Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бірлігі жарасқан халқымызға Алланың нұры жауып, қолға алған істері оңынан болғай деп тілеймін.

Жармуханбетова Улболсын Койжановна


ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені КММ-нің кітапханашысы
Үлгі тұтар ұстаз.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу – әр мұғалімнің борышы. Осындай ұстаздардың бірі ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені КММ-нің биология-химия пәні мұғалімі Қ.Е.Наурызбаева. Ол өз кәсібін, пәнін, мектебін, барлық шәкіртін шексіз сүйетін мұғалім. Ұстаздың осыншама құрметке бөленуі өзін қоршаған ортамен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де ата-анаға да, әріптеске де өнеге.


Ұстаз еңбегінің сыналар да шыңдалар сәті ашық сабақтар өткізу десек Құралай Елеусінқызы бірнеше аудандық, облыстық семинар, конференцияларда ашық сабақтар өткізіп, әріптестердің жылы лебізіне ие болды. Ол күнделікті сабақтарында әркез ізденіспен өткізеді, көрнекі және қосымша материалды жүйелі пайдаланады. Сондықтан да мұғалімнің сабағы оқушы жүрегіне жол тауып, мәңгі ұялайды деп есептеймін.
Әділ, еңбекқор, өзіне де оқушыларына да талап қойғыш Құралай Елеусінқызының оқушылары түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп және де ҰБТ-да ылғи жақсы көрсеткіштерге жетуде. Мен әріптесімді Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылық табыс, отбасы бақытын тілеймін.
Жармуханбетова Улболсын Койжановна
ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені КММ-нің кітапханашысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет