«Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» кмм ата-аналар жиналысының №1 хаттамасы Өткізілген күні: Тобы



Дата07.02.2022
өлшемі20,62 Kb.
#95688
Байланысты:
балдырган 1


«Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ


Ата-аналар жиналысының
1 хаттамасы


Өткізілген күні:
Тобы: «Балдырған» ортаңғы тобы
Тәрбиешілер: М.Т.Куттыбаева, Г.Т.Кайырбекова
Өткізу форматы: қашықтықтан. Ата-аналарға сілтемелер алдын-ала жіберіледі.
Қатысушылар: балабақша әдіскері А.Ә.Болсынбек, топ тәрбиешілері, ата-аналар (балалардың заңды өкілдері).


Күн тәртібінде:



  1. Баяндама: «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру». 

  2. Кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру

  3. Ағымдағы әртүрлі мәселелер

Whats’app желісі арқылы ата-аналар мен топ тәрбиешілері, әдіскер бейнеконференцияға шығып, қашықтықтан ата-аналар жиналысын өткізді.
«Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-нің әдіскері Ақбота Әлібекқызы Болсынбек ата-аналарға жаға оқу жылында табыс тілеп, кысқаша мәліметтер айтып өтті:
«Елімізде 16 наурыз 2020 жылдан бастап COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы эпиджағдайына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, барлық ұйым қашықтықтан жұмыс істеу жағдайына көшірілді. Бұл ең алдымен сақтық шараларын, қауіпсіздік талаптарын орындау арқылы эпидемиялық ахуалдан оңтайлы түрде шығу үшін қарастырылған еді. Алайда, мектеп, балабақша тәрбиеленушілері үшін денсаулық бірінші орында болғандықтан, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап, қатаң санитарлық қауіпсіздік құралдарымен дезинфекциялық шараларды ұстана отырып, балабақшада әр топта кемінде 15 баладан аспайтын кезекші топтар өз жұмысын бастады».

  1. Бірінші мәселе бойынша «Балдырған» ортаңғы тобының тәрбиешісі М.Т.Куттыбаева «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында дайындаған баяндамасынан қысқаша үзінді оқып, айтып өтті.

«Қазіргі уақыттағы бүкіл әлемде ушығып тұрған короновирустық-эпидемиялық жағдайға байланысты қашықтан оқыту мәселесіне көшуге тура келді. Педагог пен оқушы енді алшақ отырып, яғни қашықтан жұмыс жасап отыр. 
Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.

  1. Екінші мәселе бойынша мектеп-балабақша кешенінде кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру тәртібі бойынша тәрбиеші Г.Т.Кайырбекова айтып өтті.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру тәртібі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы №345 бұйрығының 1-қосымшасына» сәйкес жүргізілуде.
Мектеп-балабақша кешенінде әр топтардағы балалар саны 15-тен аспайды және барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауда. Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі педагогикалық кеңестің отырысында бекітіліп, қолданылуда. Кезекші топтардағы білім беру процесі мектеп-балабақша кешенінің бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Балаларды қабылдау балабақшаның медицина қызметкерінің баланың денсаулық жағдайын тексерумен жүзеге асырылады. Балабақшаның барлық қызметкерлерін және балаларды медицина қызметкері күн сайын таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен үйіне қайтарылады.
Топтың толымдылығы - 15 баладан артық емес; балалар үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастырып, әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінен кейін кабинеттерді желдету, әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінен кейін қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану мұқият қадағаланып, жасалуда. Кезекші топтардағы оқу қызметтері үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес кесте бойынша өткізіледі.
Ұйқы, демалыс, тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметінің режимі кесте бойынша сақталады. Оқу күні аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші немесе тәрбиешінің көмекшісі баланы мектеп-балабақша кешенінің қақпасына дейін ертіп жүреді.
3. Жиналыс барысында басқа да мәселелер айтылды. Тамақтың төлем ақысын уақытында төлеу, балабақшаға кешікпей келу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау. Сондай-ақ, кезекші топқа келіп жүрген балалар ауырып қалған немесе себепсіз қалған жағдайда топ тәрбиешілеріне ескерту, қажет жағдайда анықтамамен келу жайында ескертілді.


Жиналыстың шешімі:

1.Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынасты тығыз сақтау.


2. Балаларға біріге отырып саналы тәрбие мен сапалы білім беру.
3. Сақтық шаралары мен талаптарын қатаң ұстану.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет