Науан: үлкен, биік. «Алдымнан ашылды бір науан есік» (Шалабаева).
2- сөздік:
Науан – өте жақсы, тамаша, әдемі. Туындыда келтірілген «науан есік» тіркесіндегі «науан» сөзі сын есім ретінде қолданылып тұрғанымен, ол бір «науан» аталатын ірі нәрсеге теңестіріліп тұрғанын аңғарған жөн. Біздіңше, ол науан бәйтеректің бір атауы болуы ғажап емес. Бәйтеректің Көк пен Жерді қосушы мифологиялық мәнін ескерсек, адам үшін одан асқан ірі нәрсені табу оңай болмас. Міне, ақын ежелгі тіркесті интуитивті түрде қолданып отыр. Ал, 2-сөздік бойынша «науан» сөзі мүлдем басқа мағына білдіріп тұр. Алайда, бұл екі мағына да, оның ежелгі бір сөзбен берілгендігінен хабар береді, егер «науан» деп мифологиялық бәйтерек аталса, онда оның бүгінгі сананы шатастыруы әбден орынды. «Науан» сөзінің «өте жақсы, тамаша, әдемі» мағыналары бәйтерек жөніне арнайы тоқталғанда, өзінен өзі түсінікті бола түседі.
1- сөздік:
Наубай:нан пісіретін орын, наубайхана. Базарда наубайға жабылған нан сатылады (Бақбергенов). Жалпы, «наубай» сөзі о баста «нау» мен «бай» сөздерінің қосарланып «нау-бай» түрінде қолданылуынан пайда болған сияқты. Және де аталмыш екі сөз де әуелде мағыналық жағынан бірін бірі толықтыратын сөздер болған: «нау» жаңа (піскен нан ұғымын берсе) болса, «бай» сөзі «бақ», «ырыс» ұғымдарын беретіні рас.
1- сөздік: