«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-Көптеген сарапшылар ЕАЭО-ты Еуроодақтың еуразиялық үйлесімі деп санайды



Pdf көрінісі
бет75/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

-Көптеген сарапшылар ЕАЭО-ты Еуроодақтың еуразиялық үйлесімі деп санайды. 
ЕО қазір басынан өткеріп отырған қиындықтары Еуразиялық экономикалық 
одақтың да алдына шықпай ма?
Құрылуы кезінде Еуропалық Одақтың даму тәжірибесін пайдаланған Еуразиялық 
экономикалық одақ ЕО-тың бүгінде басынан өткеріп отырған қиындықтарына тап 
болмайды. 
ЕАЭО құру кезінде біздің елдер Еуропалық одақтың құрылуы тәжірибесін негізге алды, 
әрине, бізге лайықталып, бейімделген жағын пайдаланды. 
Еуразиялық экономикалық одақ біздің ел мен біздің көршілеріміздің азаматтары үшін 
жаңа мүмкіндіктер платформасы іспетті.
Қарап көріңіздерші, ортақ кеңістік шеңберінде көрші елдер арасында шағын және орта 
бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Ал бұл елдер тарихи жағынан ұқсас 
шаруашылық, саудалық және мәдени байланыстармен біріккен ғой. 
Сол себепті бізде Еуропалық Одақ алдына шыққан қиындықтар болмайды деген сенім 
бар. 
Ерлан Әбілфайызұлы,
уақыт тауып, біздің Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне 
мәнді де маңызды сұхбат бергеніңіз үшін рахметімізді айтамыз. 
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігі 
https://www.interfax.kz/?lang=kaz&int_id=13&news_id=73 
Жазылым тапсырмасы
 
3-тапсырма. Экономикалық интеграция туралы сұхбат жазуды ойластыр. 
1.
Сұхбатты кімнен алатыныңды анықта. Не себепті оны таңдадың? 
2.
Сұхбаттың тақырыбын айқында. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар дайында. 
Сұрақтардың реттілігіне назар аудар. 
3.
Сұхбаттың негізгі мазмұнын ойластыр. 
4.
Сұхбаттың негізгі ойына сәйкес тақырыбын жаз. 
5.
Кіріспе және қорытынды бөлімді жазуды ойластыр. 
4-тапсырма. Сұхбатты жаз.

Кіріспе: сұхбат алушыны таныстыру 

Негізгі бөлім: сұхбат барысын жазу 

Қорытынды: болашаққа жоспар, тілек, алғыс білдіру. 
 
Жазылымнан кейінгі тапсырма
5-тапсырма. Сұхбаттың жанрлық және стильдік ерекшеліктері туралы жұпта талқыла. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет