«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


 Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе



Pdf көрінісі
бет68/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
4. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе 
және норма 
3-сабақ 
 
Оқу мақсаттары 
10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен 
рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау 
Сабақ мақсаттары 
Мақаланың мақсатты аудиториясын, құрылымы мен 
рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау 
Құндылықтарды дарыту 
 
Жауапкершілік, серіктестік 
Пәнаралық байланыс 
экономика 
Тірек сөздер 
Еуразиялық экономикалық одақ, интеграция, мүмкіндік 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырма
 
1-тапсырма. Мақала жанры туралы біліміңді толықтыр. Материалдармен танысып, 
сұрақтарға жауап беруге дайындал. 
https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/18474
 
http://kerekinfo.kz/2016/02/21/maala-zhazu-tsilderi.html
 
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 
1.
Мақала дегеніміз не? 
2.
Оның құрылымы қандай? 
3.
Мақаланың рәсімделуіне қандай талаптар қойылады? 
4.
Ол қай стильде жазылады? 
5.
Мақаланың жанрлық ерекшеліктері қандай? 
3-тапсырма. Берілген ұғымдардың білдіретін мағынасын kk.wikipedia.org-ден іздестір. 
Кестені толтыр. 
Адам капиталы 
Жұмыс күші 
Инвестор 
Бәсекелестік
Еңбек көші-қоны 
Оқылым тапсырмасы
 
 
4-тапсырма. Мақала мәтінінің құрылымы, рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін 
сыныптасыңмен талдап, кестеге толтыр. 
Мақаланың 
атауы 
Мақсатты 
аудиториясы 
Құрылымы 
Рәсімделуі 
Жанрлық 
түрі, 
белгілері 
 
 


 
Интеграцияның игілігі неде? 
Қазіргі кезде қарапайым адамдар осындай сауалға жауап іздейді. Мәселен, Еуразиялық 
экономикалық одақ (ЕЭО) құруға ұмтылған үш мемлекет өзінің тауарлары, қызмет 
түрлері және жұмыс күшін біріктіргеннен не ұтады? Адам капиталының (жұмыс күшінің) 
еркін қозғалысы қарапайым азаматтарға не береді? Мұндай сауалдардың нақты 
әрі қарапайым жауаптары бар. 
Біріншіден, экономикалық интеграцияның нәтижесінде қарапайым қазақстандықтар 
тауарлар мен қызмет түрлерін таңдаудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Ортақ 
нарықтағы ашық бәсекелестік сырттан импортталатын және жергілікті жерде өндірілетін 
өнімдердің бағасын төмендетуге септігін тигізеді. Тұтынушылар үшін ең басты 
артықшылық – ЕЭО-қа мүше елдерде шығарылған тауарлардың сапасына жоғары талап 
қою. Мысалға, Ресейде шұжық өнімдерінің құрамы 60 пайыз еттен тұрады. Ал 
Қазақстанда құрамында 5-тен 20 пайызға дейін еті бар өнімдерді шұжық өнімдеріне 
жатқызамыз. Бірыңғай техникалық ретттеу шаралары енгізілген соң өнімдар сапасы да 
жоғарылайды. 
Интеграцияның екінші бір артықшылығы – серіктес елдердің тұтыну нарығына 
бағытталған өндірушілердің бірлескен өндірісін ашу және бұрынғы өндірісті кеңейту 
есебінен жаңа жұмыс орындарының пайда болуы. Осының бәрі жұмыссыздықты азайтып, 
халықтың әл-ауқатының өсуіне жағдай жасайды. Оның үстіне Қазақстан басқалармен 
салыстырғанда аса маңызды бәсекелік артықшылықтарға ие. Өте қолайлы инвестициялық 
климат, жеңілдетілген салық жүйесі, бизнесті оңай тіркеу – осылардың арқасында үздік 
технологиялар мен инвестицияларды магнитше тартып отырмыз. Сонымен қоса шетелдік 
кәсіпкерлер мен инвесторлар елдегі саяси тұрақтылыққа ерекше назар аударады. Біздің ең 
үлкен артықшылығымыз – қоғамдағы бірлік пен ұлтаралық татулық. Осыған көз жеткізген 
ресейлік, беларустық және т.б. ірі-ірі өндірушілер Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарын 
ашуда. Мысалға, Ресейдегі әйгілі «КамАЗ» компаниясы Көкшетауда «КАМАЗ-
Инжиниринг» бірлескен кәсіпорынын ашты. Осы кәсіпорында электрлі-газды 
қозғалтқышпен жүретін гибридті жүк автокөлігін шығару қолға алынды.
Үшіншіден, ортақ нарықтың ішіндегі еңбек көші-қонының шаралары да айтарлықтай 
жеңілдетіледі. Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) кіретін елдердің барлық 
азаматтары Қазақстанда, Ресейде және Беларусьта жұмысқа орналасу кезінде тең 
құқықтар мен міндеттерге ие болады. Адам капиталының еркін қозғалуы БЭК-ке 
қатысушы елдердің бірінде жұмысқа орналасарда уақытты қысқартуға және рәсімдерді 
жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қазіргі кезде үш елдің дипломдарын растауды талап етпейтін жоғары оқу 
орындарының тізімі жасалуда. Назарбаев университетінің түлегі М. Ломоносов атындағы 
ММУ-нің түлегі тәрізді Ресей мен Беларусьта жұмысқа орналасуға толығымен құқылы 
болмақ. Бұл мүмкіндік әрі белсенді, әрі бәсекеге қабілетті отандастарымызға «еуразиялық 
үштіктің» ортақ нарығында қызметтік мансабын жасауға жол ашады.
Интеграцияның игіліктері мұнымен де шектелмейтіні белгілі. Сайып келгенде, Елбасымыз 
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық интеграция – ол бізге екі мыңжылдық белесінде 
тарихи прогрестің объективті қадамын ашқан ұлы мүмкіндік» дегеніне көзіміз жетеді.
Әмірлан Әлімжан 
Abai.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет