«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-бөлім: Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет2/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
1-бөлім: Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті
1-сабақ 
Оқу мақсаттары 
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз 
біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
Сабақ мақсаттары 
Оқушыға мәтін үзінділері мен суреттерді байланыстыра 
отырып, тақырыпқа болжам жасай білу дағдыларын 
жетілдіру;
Ақпаратқа сүйене отырып пікірін білдіру және ой қорыта 
білуге үйрету.
Құндылықтарды дарыту 
«Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет 
Пәнаралық байланыс 
Тарих, әдебиет
Тірек сөздер 
Алаш идеясы, елшілдік ұраны,
Сабақтың жүргізілу барысы 
 
1-тапсырма. Суреттерге назар аудар. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпқа 
болжам жасап көр.
1
.«Әуелі газет – халықтың көзі, кұлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай 
керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар 
жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр 
сықылды. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйленіп жатқанын есту 
жоқ, өз пікірін айту жоқ» А. Байтұрсынов
2. «…Қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдану болып 
табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді 
таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя 
білуді айтамыз»

Суреттер мен дәйексөз қандай ақпарат береді? 

Неліктен автор газеттің қоғам, халық үшін маңыздылығына баса назар 
аударған деп ойлайсыңдар?
 

Тіл мәселесін төртінші билік – БАҚ шеше ала ма?

«Сөз мәдениеті» деген ұғымды қалай түсінесіздер?



2-тапсырма. Топтық жұмыс

Мәтін мен суреттердің арасында қандай байланыс бар?

Бұл мәселе қоғам, адам үшін қаншалықты маңызды? 
 
«Сөз түсініксіз болса, суретке мән беремін. Сурет түсініксіз болса, 
онда үнсіздікке риза боламын»
Ансел Адамс
Тұжырымға қатысты ойыңызды білдіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет