«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-тапсырма. Мәтін бойынша сөз мәдениетіне қойылатын талаптарды



Pdf көрінісі
бет4/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
-тапсырма. Мәтін бойынша сөз мәдениетіне қойылатын талаптарды 
көрсетіңіз. 
2-тапсырма. Өзіңіздің сөйлеу тіліңізде кездесетін кемшілікті көрсетіңіз.
Біріншіден, ________________________________________________ 
Екіншіден, ________________________________________________ 
Үшіншіден, ________________________________________________ 
Төртіншіден, _______________________________________________ 
Бесіншіден, ________________________________________________ 



Тыңдалымалды тапсырма.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға «ПОПС» формуласы негізінде жауап бер. 
1.Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – 
барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
2.«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені 
Алаш – халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде 
бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. 
3.Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да 
қазақпен бірге жасайды. Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері 
қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары – бүгінгі 
тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстанымдардың бірегейі болатынын 
естен шығармағанымыз абзал. 
4.Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» 
дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, 
бола береді де. 

Берілген үзінділерді не байланыстырады? 

Қандай тақырыпты қозғайды? 

Алаш идеясы дегенді қалай түсінесің?

Алаш идеяларына қатысты тұжырымдармен қаншалықты келісесіз? 
Неге? 

«Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы». 
Кімдер жайында сөз қозғалуы мүмкін?

Автордың «барды көбейтуші», «үзілгенді жалғастырушы», «жоқты 
жасаушы» деген пікірі оқырманды қандай ойға жетелейді? 
 
Оқушылар өз пікірлерін ПОПС формуласы арқылы білдіре алады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » 

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын
…» 

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім..» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет