«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет15/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Сабақ мақсаттары 
Мәтін құрылымын ажырата алу дағдысын дамыту
Жазылым барысында мәтіннің логикалық байланысын 
анықтай білу және стильдік түзетулер жасай алу 
дағдысын жетілдіру. 
Құндылықтарды дарыту 
 
«Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет 
Пәнаралық байланыс 
Тарих, әдебиет
Тірек сөздер 
Алаш идеясы, елшілдік ұраны 
 
 
Мәтіналды тапсырма.
 
1-тапсырма. Берілген ақпаратты оқып, есте сақтаңыз. Перифраздың 
сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіз. 
Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттың, 
құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді 
білдіреді. Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желенді абзал жандар», кітап 
деудің орнына «жан азығы» деп атау, депутаттар деудің орнына «халық 
қалаулылыры», «халық қызметшісі» деп қолдаудағы мақсат бір сөзді басқа 
сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынын басқаша етіп 
атау оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандайда бір эмоцияналды-
экспрессивті баға беру үшін қолданылады.
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
2-тапсырма.
Берілген өлең жолдарына перифраз жасаңыз, перифраздау тәсілін түсіндіріңіз.
1.Аяқтарын көсіліп, 
Еркеленіп, есінеп. 
Жер 

нәресте жас бала. 
Жаңа оянып жатқанда 
Жұмсақ, ыстық бетінен 
Тәтті ғана сүйсем деп, 
Күбірлеп жылы жер жүрер.
М.Жұмабаев 
2.Жауыны жауып, жасылы
Жарқылдайды – жаз кепті



І.Жансүгіров 
3.Құйылып гүлдерге,
Айдан саулап аппақ сүт. 
С. Мәуленов
3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, суреттермен байланыстыра 
отырып, сипаттау мәтінін жазыңыз.
1.
 
Жаз жәрмеңкесі, қоңыр күз, жыртқыш аңдай, долдана ағу, сай-сала, қанатын жаю,
күн ұясы, табиғат-ана, хош иіс, баурап алу, мұнарту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет