Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
5-тапсырма. Мәселені жұбымен ғаламдық тұрғыдан талдап, сұрақтар құрау арқылы
талқылап, жұбыңызбен диалогқа түсіңіз.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» Жолдауында техникалық кадрларды даярлау жүйесін барынша
дамыту қажеттігін атап өтті, дағдарысты басқарудың және құрылымдық өзгерістердің бес
бағыттарын айқындады. Ол үшін дамыған елдермен бірлесіп, кадрларды даярлау бойынша
орталықтарын ашуды ұсынды. Қазір
техникалық мамандықтардың, ғылым мен
инновацияның күні туған заман.
Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген,
жалықпай
техника меңгерген адам озады. Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін
арттырған жөн. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға
болады.
Бағалау
Бағалау критерийі
Дескриптор
Мәселені талдау сұрақтарын құрау;
Көтерілген мәселеге өзіндік пікір
білдіріп
диалогқа түсу
1.
Көтерілген мәселе бойынша талдау
сұрағын құрастырады;
2.
Өзіндік пікірін білдіре отырып,
диалогқа еркін түседі;
3.
Мәтіндегі негізгі ойды автор мен
оқырман тарапынан талдайды.