«Ой шақыру».
Studystack.com сайты арқылы «Адасқан сөздерді» сәйкестендіреді.
Қоғамды жаулаған тор – ғаламтор
Жастардың жаңа әлемі – виртуальді әлем
Рұхсатсыз жіберілген хат – спам
Kz, ru, com – домен
Жүйеге ену үшін қолданылатын – логин
Ой-пікір білдіру бөлімі – қонақ кітабы
Әңгімелесу, сөйлесу – чат
Адамдар бір-бірін табатын орта – әлеуметтік желі
Ғаламторда жарияланған күнделік – блог
Виртуальды сурет – аватар
Оқушылар осы сөздерді сәйкестендіре отырып, тақырыпты анықтайды.
Оқушыларды сөздері арқылы 3 топқа бөлеміз.
«Виртуальды әлемнің әлегі мол» бейнематериалы тыңдатылады.
Топ мүшелері өзара рөлдерді бөліп алады. Әр топта:
Зерттеуші – тыңдалым материалы бойынша зерттеу жүргізеді.
Тілші – берілген уақыт ішінде дәлізде кездескен адамдарынан виртуальды әлем туралы сұхбат алады Берілетін уақыт – 8 минут. Қалған уақытында алынған сұхбатты топпен бірге тыңдау керек. Сұхбат алу үшін диктофон немесе ұялы телефон қолданады.
Байланыстырушы – топтағы тілші сұхбаты мен зерттеушінің жұмысындағы ойды әлемдік мәселемен байланыстыра отырып, топтың қорытынды пікірін сыныпқа жеткізеді.
Топтар жауап беру барысында жетістік критерийіне сүйенеді.
Бағалау парақшасы
Жетістік критерийі
|
1-топ
|
2-топ
|
1.Ақпаратты түсінеді 5ұпай
2.Астарлы ойды анықтай алады 5ұпай
3.Ғаламдық мәселемен байланыстырады 10 ұпай
|
|
|
Интербелсенді тақтадан сурет көрсетіледі. Суреттің айтар ойын қазіргі өмірмен байланыстырып, сабақты қорытындылайды. Әр оқушы 1 сөйлемнен айтады.
|