әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің
рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында
қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты
қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса,
онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз
құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан
мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай
болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан –
жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор. Таңдалынып алынған бітіру
жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және
дүниетанымдық факторлармен анықталады.
Зерттеу тақырыбы
елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен үндес келеді.
Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеген
“Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару
процесінің егемендікпен келген рухани бостандық, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы
дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды (Назарбаев Н. Ә.
Қазақстан – 2О3О. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігінің артуы: Ел
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2002. – 96 б.). Қазiр жаһандану
дәуiрi басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениетi күштi болса, сол ұлт өмiр сүруге
бейiм болады да, рухани мәдениетi әлсiз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзiнен
жойылып отырады. Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда
оған ешкiм қарсы тұра алмайды. Қазiргi кезеңде дүние жүзiнде «Мәдениеттер майданы»
жүрiп жатыр деуiмiздiң себебi сол. Олай болса қазiр күн тәртiбiнде, болашақта қазақ
халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесi, яғни ұлтымыздың тағдыры қойылып отыр.
Зерттеу нысаны.
Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі жаһандану
кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін талдау. Зерттеу пәні. Алдымен мәдениет
үдерісінен, мәдени сұхбаттан туындайтын процестерді анықтау және оларды талдай
отырып, рухани мәдениетке деген (позитивті немесе негативті) ықпалдан шығатын
нәтижелерді болжам жасай отырып, анықтау. Жаһандану ықпалында қазақ рухани
мәденитетінің дәстүрлік және инновациялық үдерістерін анықтау және талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: