құралас күй кешуде. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, қоғамдағы өзгерістер заман талабына
байланысты жүзеге асуда. Жаһанданудың өзіндік оң және теріс әсерлері бар. Мысалы, оң
әсері
деп жылдам ақпарат алмасуды, теріс әсер деген бұқаралық мәдениеттің келеңсіз
ықпалы мен әсерін атауға болады.
Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқының
көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихы,
қалыптасу жолдары, материалдық және
рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлттық ерекшелік: тілі, салт-дәстүрі, діні
және ұлттық құндылықтарына байланысты өзге елдерден бөлек ажыратылатыны айтпаса
да түсінікті. Осы ұлттық өзгешелікті санау атам замандардан бері сақтап келген біздің ата-
бабаларымыз Алтайдан Атырауға дейінгі аралықта ұлттық бірегейлікті қалыптасыра білді.
Бірақ қазіргі уақытта жаһандану үдерісіне байланысты қауіп-қатерлер де бар. Оған төтеп
беретін әр ұлттың өзіндік болмысы (менталитет) мықты болуы қажет.
Қазақ елі ежелден текті халық. Себебі ата-бабаларымыз жеті атаға дейін қыз
алыспаған. Оның мәні ұрпақты таза сақтау үшін 25 жас бір ата деп саналса, 7 атаға дейін
176 жылды қамтыған уақыт өтуін аса қатаң тәртіп ретінде ескерген. Одан кейін Оңтүстік
Қазақстанның қызы Солтүстікке, ал Батыстың қызы
Шығысқа тұрмысқа ұзатылып
отырған. Сол арқылы ана тілі дамып, ортақ бірегейлік сақталып, текті халықтың ажарлы
және дені сау ұрпақ дүниеге келіп отырған.
Ұлттық код – деген күрделі ұғым. Оған қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған
рухани-мәдени дамуы, тілі, өзіндік құндылықтары дәлел. Салт-дәстүр мәселесімен
негізінен этнограф мамандар айналысады. Олардың елімізде бірқатар ғалымдар бастаған
мектептері қалыптасқан. Бұл өте маңызды саланың бірі. Өйткені, тұтастай бір ұлт ретінде
оның мәдениетін зерттеу және зерделеу, оны насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады.
Бұл бағытта этнограф мамандарды мемлекеттік деңгейде қолдау қажет. Ел ішінде
этнографиялық экспедициялар ұйымдастыру керек. Әліде
мұражай мен көрмелерге
түспеген материалдық және рухани мұралар кездесуі мүмкін. Этнографиялық мұраларды
насихаттауға мамандар үшін жағдай жасалуы тиіс. Олар телеарналар, радио, бұқаралық
ақпарат құралдары және баспасөзде жүйелі түрде насихат жұмысын жүргізіп,
қазақ
халқының материалдық бай мұраларымен таныстырып, жас ұрпақтың тарихи танымын
арттыру мен патриотизмді қалыптастыруда жұмыстар атқаруы керек.
Ал егер де еліміздегі
жас ұрпақтың ұлттық тарихынан, әдебиетінен, салт-дәстүрі
мен мәдениетінен хабары аз болса, білімі таяз болса, онда олардың пікірі жаңсақ, жасық
және әркімнің соңынан ергіш, өзіндік ұстанымы жоқ, әлжуаз болып шығады. Сондықтан,
аталған мәселелер елімізде жоғары деңгейде жүзеге асырылғанда ұлттық рух күшті
болады. Рухы күшті халықтың қуаты – ұлттық кодта жатыр. Оны жаңғырту, елдікті сақтау
уақыттың талабы.
Жалпы, қорытындылай айтқанда, ұлттық бірегейлікті
сақтау арқылы қазақ халқы
өзге өркениеттер тегеурініне төтеп береді және біртұтас ұлт ретінде сақталады. Ол үшін
қазақ тіліне, ұлттық салт-дәстүріне, материалдық және рухани мұраларға дұрыс мән беріп,
оларға құрметпен қарау қажет. Елдің болашағы жастар, оларға дұрыс ұлттық тәрбие беру
керек. Жас ұрпақтың тарихи танымы күшті болса, ұлттық рухы да жоғары болады. Сонда
ғана ұлттық «МЕН» деген ұғым толық қалыптасады.
Ал ондай ұлттың жастары кез келген жаһандық сын-қатерлерге бой алдырмай,
өзінің ұлттық мүддесін қорғап шығатындығы анық.
Достарыңызбен бөлісу: