«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет52/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Бағалау
 
Оқылымнан кейінгі тапсырма
4-тапсырма. Жұптық жұмыс. 
Дәрігерлердің бойында қандай қасиеттер болуы керек? 
деген сұраққа очерктегі деректерді негізге алып, жауап беріңіздер.
 
 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
Очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, 
жанрлық ерекшеліктерін талдай алады 
Мәтіннің тақырыбын анықтайды
Мәтіннің стилі мен жанрын анықтайды
Очерктің түрін анықтайды, дәлелдер 
келтіреді.
Жазушының тілдік қолданысын талдап, 
мысалдар келтіреді 


4.4.Адам өмірін сақтау 
Оқу мақсаттары 
10. 2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, 
публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) 
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес 
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра 
талдау. 
Сабақ мақсаттары 
Екі мәтінді салыстыру 
Құндылықтарды дарыту 
Жауапкершілік
Пәнаралық байланыс 
Экономика
Бастапқы білім 
Публицистикалық және ғылыми стильдер туралы 
түсініктері бар 
Тірек сөздер 
Сақтандыру, стиль, жанр, құрылым, тілдік ерекшеліктер

Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылым алды тапсырмасы
Тапсырма
. Кабырғада ілініп тұрған мәтін және суреттер бойынша 5 минутта мәселеге 
қатысты 5 идея айтыңыздар. Спикер таңдаңыздар. Спикер топтың идеяларын жазып алып, 
басқа топқа таныстырыңыз. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау 
жүргізіңіздер.
 
Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін 
сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін 
сақтандырған адамдар саны 2 пайызды құрайды. Бір қызығы адамның өте сирек 
кездесетін, әсіресе иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып 
барады. Мысалға спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді. Ал еліміздің 
қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле бермейді. Өмірді 
сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты денсаулыққа зақым келген жағдайда оны 
емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе табысына 
тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда, заң бойынша өмірін 
сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. 
Бақдәулет Талипов
http://zgazeta.kz/kk/adam-mirin-sa-tandyru-turaly-ajtsa/  
 
272162753 158988371 363803903 698135956 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет