«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет58/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Тыңдалым тапсырмаcы. ЖЖ.
Мәтінді тыңдап, «INSERT» әдісі бойынша кестені 
толтырыңыздар.
 
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақстанның киелі 
жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыруды жүктеген болатын. Онда қасиетті 
орындарды өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде 
орнықтыруды меңзейді. Солтүстік географиялық белдеуде орналасқан және қазақ үшін 
қастерлі орындардың бірі – Ұлытау жері. Қазір мұнда зиялы қауым, тарихшылар, 
археологтар, атқарушы билік бірлесіп, мақалада айтылған маңызды жұмыстарды іске 
асыруға бел шешіп кірісті.
Археологтардың айтуынша, халқымыздың тарихи астанасы саналатын Ұлытау 
жерінде 6 мыңға жуық ескерткіш бар екен. Өкінішке орай, қазір соның 20 пайызы ғана 
зерттеліп, мемлекет қорғауына алынған. Қалғаны сыр бүгіп жатыр. Шыңғыс ханның 
үлкен ұлы Жошы, Домбауыл, Алашахан кесенелері және қазақтың бірнеше ханы билік 
жүргізген «Хан ордасы» осы өлкеде орналасқан. Тоқтамыс пен Едіге батырдың да 
жатқан жері – осы қарт Ұлытау. Енді бұл киелі орындарды Елбасының тапсырмасымен 
географиялық белдеуге енгізу үшін тарихшылар тынбай еңбектеніп жатыр.
Нұрсұлу Раймова, Ұлытау Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық 


мұражайының ғылыми қызметкері:
- «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасына сай «Ұлылыққа 
тағзым» экспедициясы бірнеше жылдар бойы қорық-мұражайда жүріп өтті. 
Оңтүстіктегі Түркістанмен, Берелмен, Бекет ата, Өскемен, Семей, Ордабасы, 
Отырар, Тараз қорық-мұражайларымен өзара бізде осындай байланыс 
жұмыстары жүріп, өлкенің тарихын бір-бірімізге таныстыру мақсатында жүріп 
өткен экспедициялар болды.
Ұлытау жеріндегі киелі орындардың бірі – көне металлургиялық Талдысай қонысы. 
Бұл жерде ерте қола дәуірінде ата-бабаларымыз мыс балқытып, бұйым жасапты. 
Шахталық тәсілмен жұмыс істейтін жерасты пештері – соның дәлелі. Тарихшылар 
«Ұлы Жібек жолынан» бұрын «мыс жолының» болғанын, керуеннің дәл осы Ұлытау 
жерінен өткенін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет