дәуірінің алдында тұрмыз дегім келеді. Елбасы айқындап беріп отырған тұжырымды
халық болып іске асыру үшін жұмыла кірісуіміз қажет.
– Сіздіңше, Президент мақаласында айрықша мән берілген «Ұлттық код» деген не?
– Ұлттық код – ұлттық сананы құрайтын негізгі фактор. Егер белгілі бір мақсат санада
көрініс таппаса, оған жету қиынға соғады. Мәселен, Тәуелсіздік ұғымын алайықшы. Ол –
идея. Идеясыз біз бүгіннен бастап тәуелсізбіз деп айтпаймыз ғой.
Сол себепті идея
арқылы санаға серпін береміз. Ұлттық код бұл біздің ішкі рухани жігеріміз, яғни импульс.
Ұлттық код ана тіліміз арқылы, мәдениетіміздің қайнар бұлақтары арқылы көрініс беріп
отырады. Ұлттық кодты сақтау – тілді, ұлттық құндылықтарды сақтау деген сөз.
– Президент мақаласындағы тағы бір жаңалық болған тұжырым – латын әліпбиіне көшу
туралы. Осы жайлы пікіріңіз қандай?
– Латынға өту – көп ойланып, көп толғанып барып жасалғалы отырған ұлы іс. Қазір
Қазақстан мемлекет ретінде институттары қалыптасқан, экономикасы дамудың арнасына
түскен елге айналды. Қазақтың саны елдегі халықтың 70 пайызынан асып жығылды. Енді
бізде латын әрпіне өтудің толық алғышарттары бар. Кезінде Абай «Дүниенің кілті
орыстың тілінде, орыстың тілін үйрен» деп еді. Бұл оның әлемдік
өркениетке орыс тілі
арқылы барамыз, ғылымды игереміз деген ойы болатын. Орыстың тілін әлемдік
өркениетке өтудің көпірі санады. Ол заманда қазақ үшін орыс тілі әлемдік өркениетке
шығудың мүмкіндігі болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі күн басқа, заман өзгерді,
сана өзгерді, ағылшын тілі ақпараттың, ғылымның тіліне айналды. Мұндай жағдайда
латынға өту арқылы жаңарудың сәті түсті. Латын әрпі бүгін интернет пен технологияның
тіліне айналып отыр.
Сондықтан, біз бұған ұзақ дайындықпен, байыптылықпен келіп
отырмыз. Бұл – ел болып қолдайтын іс.
– Әңгімеңізге рахмет.
Қорғанбек АМАНЖОЛ
https://egemen.kz/article/qazaq-oerkenietininh-zhanha-dauiri
Достарыңызбен бөлісу: