білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі
қағидаларының 3-тарауы. Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібін қараңыз).
Басқарудың ұйымдық құрылымын анықтайтын және бағалау жүйесін
енгізу мен үйлестіру кезінде есеп жүргізетін
ұйымдастыруды қамтамасыз
ету.
Аталған жағдайды жүзеге асыру аясында бағалау үдерісінің
мониторингісін жүйелі өткізу (жиынтық бағалау мәліметтері негізінде
өткізіледі және қосымша іс-шараларды талап етпейді), бағалау жүйесінің
тиімділігін зерттеу және бағалау үдерісінің қатысушыларының пікірін танып
білу мәселелерін қарастыру қажет. Көптеген ұйымдастырушылық және
басқарушылық қызметті жүзеге асыруды критериалды бағалау бойынша
өңірлік, мектеп үйлестірушілері жүргізеді (Өңірлік
және мектеп
үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты
қараңыз). Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім басқармасы
әдіскерлері ішінен, мектеп үйлестірушілері жалпы білім беретін мектеп
директор орынбасарлары арасынан анықталады.
Бағалау бойынша үйлестірушілердің
міндеттерінің бірі озық іс-
тәжірибені зерделеу, талдау, енгізуге бағытталған педагогтердің кәсіби
қоғамдастығын дамыту болып табылады.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету,
критериалды бағалауға қатысты
ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру,
мұғалімдердің
бағалауға қатысты тәжірибелерін дамыту, стандарттау мақсатында
мұғалімдерге бағалау құралдарының үлгілері бар жинақтарды ұсыну (Пәндер
тұрғысында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинақтарын,
жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныстарды қараңыз).
Ақпараттық қамтамасыз ету,
рәсімдерді цифрландыру үшін
автоматтандырылған ортаны құрастыру бойынша
IT-шешімдер және білім
беру үдерісіндегі барлық қатысушылардың өзара онлайн әрекеті:
электрондық журнал мен күнделік, тапсырмалар қоры, орталық мұрағат және
т.б. Бұл әр оқушының жеке траекториясын құру арқылы дербес бағалауға
мүмкіндік береді (Оқушылар жұмысының орталық мұрағатын ұйымдастыру
бойынша нұсқаулығын, «Жүйелік-әдістемелік кешен» сайтын
(http://smk.edu.kz/)
қараңыз).
Кадрлық қамтамасыз ету
,
бағалау жүйесін жүзеге асыру мәселелері
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін жүйелі арттыру (Оқушыларды
критериалды бағалау мәселесі бойынша біліктілікті
арттыру курстарын
қараңыз).
13
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру
–
оқу нәтижесіне қатысты
оқушылардың жауапкершілігін, белсенділігін, жұмыла әрекет етуін арттыру
үшін қолайлы орта құру және мектеп пен ата-аналар қоғамдастығы арасында
ынтымақтастық орнату.
Достарыңызбен бөлісу: