Назирова Бакытгуль Жандосовна


Еңбек ардагерлері - ел тарихы



бет19/28
Дата08.11.2022
өлшемі359,53 Kb.
#156931
түріВикторина
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
1.3-тапсырма. Чек листФомула жазу, 1 Гранты (осн) рус-2, 11 кл ЖМБ тек 1 тоқсан, лекция 1,БейХим, КӨШБАСШЫ-1-1, Тема 2 Строение атома
Еңбек ардагерлері - ел тарихы.
Мақсаты: Қарапайым ,адамгершілігі мол, өз еңбегінің арқасында ер атанған ,алғысқа бөленген еңбек ардагерлері Аманғалиев Қимеден атамыз бен Сакуева Іңкәр апамыздай еңбек адамының шынайы бейнесін ,азаматтық болмысын таныту. Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге,еңбекқорлыққа,ізденімпаздыққа,еліміздің білікті, білімді азаматы етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мұражай материалдары, газет материалдары, ауыл адамдарының естеліктері. Фотолар жинағы.
І. Қазақ халқы қандай қиын кездерді басынан өткерсе де, мойымаған жасымаған халық. Осындай жанкешті рухы мықты халықтың ұрпағы да қайсар, батыл мойнына алған ісін аяғына дейін жеткізуге тырысатын жауапкершілігі мықты болған. Атап айтсақ:
Қараоба ауылының бетке ұстар, белгілі адамдары «Еңбек Қызыл Ту» орденді шопан Аманғалиев Қимеден,Ибатов Зинетолла,«Даңқ» орденді механизатор Сарбупин Сайлаубай,Молдашев Меңжан,Қалиев Шәкір атамыз «Еңбек қызыл ту» орденді Хайруллина Ділда,Мұқанова Ақзиба,Хайруллина Маруа әжелеріміз және әртүрлі еңбектеріне орай көптеген медалъ, марапаттау қағазын алған депутат болып ел кәдесіне жараған адамдар көптеп кездеседі.Солардың ішінен біз бүгін кездесуге Қимеден атамыз бен Іңкәш әжемізді шақырып отырмыз
Күндіз түні жастыққа басы тимей
,Алда малы өскенше ұйқы көрмей.
Ұрпағым молшылықта болсыншы деп,
Шыдаған қиындыққа неше дүлей
деп келесі кезекті еңбек ардагерлерінің өмірдерегіне берейік.
Аманғалиев Қимеден- 1937 жылы 20 мамырда Жаңақала ауданына қарасты 12- Ұмтыл ауыл советінде Бекетай құмында дүниеге келген. 1956 жылы Орда училищесінде оқып, 1957- 58 жылдары механизатор болып жұмыс істеді. 1962 жылдан 1964 жылдары әртүрлі жұмыстар атқарып, 1964- 67 жылға дейін ірі қара бағып, 1967 жылдан 1992 жылға дейін зейнеткерлікке шыққанша шопан болып еңбек етті.
1963 жылы облыстық комсомол комитетінің конференциясына делегат болған.
1977 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденін еңбегінің жемісін көріп иеленсе, 1985 жылы «Күміс» медалъ, 1975, 1976, 1985 жылдары «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталып, «Еңбек ардагері» медалімен, 1970 жылы «Лениннің 100 жасқа толуына байланысты» медалімен көп жылғы еңбегінің нәтижесінде марапатталған.
Қазір жолдасы Нәсіпқаным екеуі 10 баланың қызығын көріп, ұлы Отарбайдың қолында немере бағып отыр.

Шакуова Іңкәш:


ІІ.«Әлемнің әміршісі-еңбек»дейді. Қазіргі қоғамда көріп жүргендей масылдық басымырақ.Сондықтан өзімізге етене таныс аға ұрпақ адал еңбегіне бас иген жерлестерімізге сөз бере отырып олардың еңбексүйгіштік пен жоғары жауапкершілігі береке мен бақыттың шыңына жетелейтінін ұғынайық және үлгі тұтайық.
Сөз кезегі өздеріңізде Қимеден ата, Іңкәш әже.
Сіздер өздеріңіздің өмір жолдарыңызда еңбектің, еңбекқорлықтың қандай маңызы болғаны жөнінде жас ұрпаққа не өсиет айтар едіңіздер?
ІІІ.Оқушылар сұрақтарыңыз бар ма ата,әжелеріңізге?
1.Сіз неше жасыңызда еңбекке араластыңыз?
2.Еңбек жолыңызда өте қиналған кезіңіз болды ма?
3. Еңбегіңіздің арқасында зор қуанышқа бөленген кезіңіз болды ма?
4.Осы еңбек жолыңызда сізге үлгі болған адамыңыз кім болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет