Назирова Бакытгуль ЖандосовнаКонституция – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жұйеленген нормативті акт Амнисция –
Анықтама Осы аптада «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» атты тақырыпта 3 «Е» сыныпта құқықтық тәрбие сағаты болды. Сынып сағаттың негізгі мақсаты оқушыларға құқық бұзушылықтың ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру. Сабақ барысында бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыстығын жіте айтылып өтілді. Сынып сағаты алған қойған мақсатына жетті, оқушылар құқық бұзушылқытң не екенін? Оған деген заңдық жауапкершіліктің бар екенін түсінді, білді. Бастауыш сынып мұғалімі: Абенова Мақпал Серікбайқызы Жақсы мінез-жан сұлулығы 04 қараша 2019, Дүйсенбі Категориясы: Тәрбие сағаты солнышка Тақырыбы: Жақсы мінез - жан сұлулығы Мақсаты: а) оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту. б) мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. в) жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа Әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Барысы: 1. «Есімдер аллитерациясы» Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек. Мысалы: Мен ақылды – Айгүлмін. Ақкөңілмін, тез ашуланам. Мен сымбатты - Сабирамын. 2. Топқа бөлу 4 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдап, бірдей түстілер бір топ болады. 3.«Мағынаны тану» • Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың? • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады? • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма? • Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың? . Абайдың өлең жолдарын еске түсіре отырып, талдату. Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай? 4.«Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығы ( постер қорғау) 5. Шегенің ізі видеоролик
Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра. Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат. «Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса « ісінің шалалығы» деп, жас болса « жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса « жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан. 6.«Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын» таратылған парақтарды толтыру
1. Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыздар? 2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз? 3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе? 4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба? Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болады. 7. Есіңе сақта
9«Сұлулықтың» қандай түрі бар (ассоциация) Мінез сұлулығы (байсалдылық, жайдары мінез, көпшіл көңіл) Түр сұлулығы ( бота көз, әдемі жүз) Дене бітімінің сұлулығы (ұзын бой, түзу аяқ, шымыр дене) Жан сұлулығы(көп білу, шешен тіл, шыншылдық, қыз балаға нәзіктік, жігітке қайсарлық ) Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Оның алғашқы белгісі жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. 10. Қорытынды Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн. Рефлексия - Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба? - Қандай әсер алдың? - Тілегіңмен ұсынысың бар ма? Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің жоғары санатты бірінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр Темировна жүктеу/скачать 359,53 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |