Назирова Бакытгуль Жандосовна



бет7/28
Дата08.11.2022
өлшемі359,53 Kb.
#156931
түріВикторина
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
1.3-тапсырма. Чек листФомула жазу, 1 Гранты (осн) рус-2, 11 кл ЖМБ тек 1 тоқсан, лекция 1,БейХим, КӨШБАСШЫ-1-1, Тема 2 Строение атома
Темперамент типтері:

Холерик- ұстамсыз, ұшқалақ тип. Қимыл әрекетті сүйеді. Әдетте, оның қимыл- қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Ой әрекеттің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл- қозғалыстарын билей алмай, күйіп- пісуге дайын тұрады. Олардың сөздері жылдам, кейде қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді тез ұйытады. Олар өте сезімтал, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның мұндай мінез ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Сангвинник- жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады. Бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез айнып кетуі ықтимал. Ақыл- ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сөзі жылдам, анық, түсінікті. Сөзді мәнерлеп айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара жағы басым келеді. Көбінесе, эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Олардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан олар өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
Флегматик- сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді. Дауыс екпіні баяу, асықпай- аптықпай сөйлейді, сөзі ым- ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Ұқыпты, парасатты, ақылды. Зейіні тұрақты. Қызығушылықтары да тұрақты. Жаңа іске жай қосылады, бір істен екінші іске ауысуы да баяу.
Меланхолик- ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Барлық эмоциялары ішінде, өте сезімтал, жасқаншақ, өз күшіне сенбейді. Жалғыздық пен тұйықтыққа бейім, байланысқа түсуі қиын. Қызығушылықтары тұрақты, жаңа ортада кей жағдайларда қысылмайды.
 

  1. Мектеп психологы Г.Темірғалиева жүргізілген психологиялық тексеру қорытындысы бойынша әр оқушының мінез-құлық, темперамент ерекшеліктері туралы айтып өтті.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет