Тақырыбы: «Адамның бір қызығы бала деген...» ата-аналармен өткізілетін іс-шара
Исакулова Аида Торегелдиевна Педагог-психолог
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, «№4 шағын орталықты орта мектебі» КММ
Құндылық: Сүйіспеншілік,дұрыс әрекет. Қасиеттері: мейірімділік, қамқорлық,кішіпейілділік, Мақсаты: Мектеп пен ата-ана арасында қарым-қатынасты нығайту. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңдіретін ата-ана тәрбиесі, ал оны дамытуға ықпал ететін мектеп екенін ата-аналарға түсіндіру. Ата-аналарға кеңес бере отырып,бала тәрбиесі бәрімізге ортақ екенін ұғындыру.
Міндеттері: -тәрбиеде ынтымақтастықтың болуы жөнінде түсінік беру.
-тәрбиеге деген жауапкершілігін дамыту.
-отбасында тәрбиені сүйіспеншілікпен жүзеге асыруға,тәрбиелеуге шақыру.
Көрнекіліктер:Интерактивті тақта, бейнероликтер,музыка.
Жоспар: Әке-асқар тау,ана-ағып тұрған бұлақ,бала жағасындағы құрақ. Әке мен ана бала тәрбиесінде отбасындағы жылулықты балаға сездіре білуі қажет. Сол арқылы бала бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіріп өседі.
Балаға уақытында көңіл бөлу,оның әр бір іс –әрекетімен санасу –оған деген сүйіспеншілікті дамытады. Сүйіспеншілік бар жерде ақиқат,дұрыс әрекет,қиянат жасамау,тыныштық болады. Ата-ана өмір тәжірбиесінен мысалдар келтіре отырып,жалпы адамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңіру.Өмірден өз орнын табуға бағыттау.Адам болып қалыптасуына ықпал ету.