¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Өндірістік қондырғының сенімділігіне қойылатын



Pdf көрінісі
бет42/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
3.2.2. Өндірістік қондырғының сенімділігіне қойылатын 
талаптар
Қазіргі уақыттағы химиялық қондырғының сенімділігі өте жоғары 
болу керек, себебі оларды эксплуатациялау кезінде уытты заттар, өртке 
және жарылысқа қауіпті заттар қолданылады және жоғарғы қысымда 
немесе өте терең вакуумда, жоғары немесе төмен температурада, өте 
үлкен жылдамдықпен өтетін үдерістер жүзеге асады 
[1,5,10].
Сенімділік
– бұл қондырғы эксплуатация көрсеткіштерін сақтаған 
кезде немесе қажетті мөлшердегі өнімді шығарғанға дейінгі өзінің 
берілген функциясын орындайтын қасиеті. 
Қондырғының сенімділігі ұзақ уақыт жұмыс істеуімен және 
жөндеуден кейін қайта қалпына келуімен және тоқтаусыздықпен 
анықталынады. 


78 
Тоқтаусыздық
– эксплуатацияның берілген жағдайында қажетті 
мөлшердегі жұмысты орындағанша өзінің жұмысқа қабілеттілігін 
сақтайтын қасиеті. 
Тоқтап қалу
дегеніміз жұмысқа қабілеттілігін 
бөлшектеп не болмаса толығымен жоғалтуын айтамыз. 
Тоқтаусыздықпен байланысты негізгі тапсырма жұмысты реттеу 
және жұмыстын кезіндегі тоқтап қалудың минималды саны және оны 
оңай қайта қалпына келуі болып табылады. 
Ұзақ уақыт жұмыс істеуі
– жөндеу және берілген техникалық 
қызмет жүйесіндегі эксплуатация кезінде өзінің жұмысқа қабілеттілігін 
сақтайтын қасиеті. 
Қондырғының ұзақ уақыт бойына жұмыс істеу қасиетін 
зерттегенде ең алдымен техникалық және экономикалық мақсаттағы 
эксплуатациялау мерзімін анықтау қажет. Экономикалық мақсаттағы 
эксплуатациялау мерзімі қондырғыны жөндеу жұмысынан өткізетін 
шығын жаңа қондырғы сатып алуға кететін шығынмен теңескенде 
бітеді. Осы кезде ескі қондырғыны жөндеуден өткізгеннен көре, жаңа 
қондырғы сатып алған тиімді, себебі жаңа қондырғының сапасы өте 
жақсы болады. 
Жөндеуден кейін қайта қалпына келуі
– техникалық қызмет 
көрсетуден немесе жөндеуден өткеннен кейін қайта қалпына келетін 
қасиетінің сақталуы. 
Қондырғы 
жөндеуден 
кейін 
қайта 
қалпына 
келуі 
(эксплуатацияның берілген мәндерінде қайта қалпына келуі) және 
келмеуі (жөндеуге келмейді не болмаса жөндеуден кейін қайта қалпына 
келмейді) мүмкін. Қайта қалпына келмейтін қондырғылар бір-ақ рет 
істен шығады, одан кейін оны басқасымен алмастыру керек. Ол үшін 
ұзақ уақыт жұмыс істеу мен тоқтаусыздықпен ұғымы түйіседі, себебі бір 
рет істен шыққан соң қайта қалпына келмейді. 
Химиялық қондырғының сенімділігін арттыру үшін жобасын және
дайындалуын білу керек, сонымен қатар, пайдалану мәндерін сақтау 
керек. 
Қондырғыны 
жобалау 
кезінде 
пайдалану 
жағдайында 
таңдалынатын оптималды құрылымды (оптималды пішіні мен өлшемі) 
таңдайды, қажетті механикалық мықтылық пен герметизацияны береді. 
Құрылымдық материалдарды қондырғы пайдалануың жалпы және 
арнайы жағдайларын ескеріп таңдайды: қысым, температура, қоршаған 
ортаның агрессивті әсері және тағы басқалар. Қондырғыны жобалау 
кезінде машинадағы әсер ететін динамикалық күштемені төмендету
артық салмақ болған кезде қорғаныс қондырғыларын қолдану 
ескеріледі, яғни кинематикалық жобаны қарапайымдауға талаптанады. 
Қондырғыны дайындау үдерісінде барлық күштер сенімді 
қондырғы құруға жұмсалады. Ол үшін жоғары сапалы материалдар болу 
қажет. 


79 
Қондырғы дайындау қазіргі заманғы технологиялық әдістермен 
жүзеге асырылады. Бөлшектерді дайындауда және машиналар мен 
аппараттарды жинауда дәлдік өлшемге талпыну қажет. 
Пайдалану кезінде қондырғының сенімділігі жұмыс тәртібінің 
берілген параметрлерін сақтағанда, сапалы қызмет көрсетуде және 
қажетті профилактикалық қызмет көрсетуімен артады. 
Қондырғы сенімділігін артыратын әдістің бірі резервтеу, яғни 
жүйеге негізгі элементпен параллель қосымша элемент енгізіледі, сол 
кезде жүйенің сенімділігі артады. 
Резервтеудің екі әртүрлі әдістері бар: аппарат толығымен 
резервтелетін 
жалпы
әдіс және аппараттың жеке бөлшектері 
резервтелетін 
бөлшектік
әдіс. Бөлшектік резерв әдісінің сенімділігі 
жалпы резерв әдіс сенімділігімен салыстырғанда жоғары болып келеді. 
Резервті аппарат негізгіге қосылып барлық жұмыс уақытысында 
бірге жұмыс істейтін және бірге функцияланатын 
тұрақты резервтеу
және негізгі аппарат істен шыққан кезде қосылатын 
уақытша резервтеу
болып екіге бөлінеді.
Кемшіліктері: 
қондырғыны 
күрделендіреді, 
қызметті 
қымбаттатады, сол себепті оны ұстап тұру мен жөндеу экономикалық 
тұрғыдан тиімді емес. Технологиялық қондырғының сенімділігін 
арттыратын басқа қарапайым әдіс болмаған жағдайда резервтеу әдісін 
қолданған тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет