¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Қауіпсіздік үзіктері мен габариттері



Pdf көрінісі
бет41/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
Қауіпсіздік үзіктері мен габариттері.
Белгілі аумақтағы қауіпсіз 
жұмыс істейтін объектінің минималды қашықтығы. Ғимараттар, 
қоймалар мен қойма материалдарының арасындағы үзіктерді өрт 
қауіпсіздігінің және автомобиль және темір жол қауіпсіздігінің 
көзқарасы бойынша қарау керек. 
Бұйымдарды реттеу мен жұмыс орнының арасындағы қалыпты 
ұстау өте маңызды. Штабель биіктігі тұрақтылығы мен бұйымның 
шешілуіне байланысты таңдалынады, соның өзінде биіктігі 1 м және 
штабель арасының ені 0,8 м аспау керек. 
Үздіктер мен габариттер жарақаттанудың алдын алуда үлкен роль 
атқарады, әсіресе жұмыс орны мен цехтағы қондырғылардың ара 
қашықтығын күн ара тексеріп отыру қажет. 
 
 3.2.Өндірістік қондырғылар қауіпсіздігі.
3.2.1.Өндірістік қондырғылар қауіпсіздігіне қойылатын жалпы 
талаптар.
Өндірістік қондырғы қауіпсіздігінің жалпы талаптары мемлекет 
стандартпен бекітілген, өндірістің барлық саласында қолданылады. 
Өндірістік 
қондырғының 
эксплуатациясы 
қызметкерге 
толық 
қауіпсіздікті жөндеу жұмысы кезінде, сақтауда және тасымалдау 
кезінде, сонымен қатар оны қолдану кезіндеде қамту керек. Бұлар 
автономды қондырғылармен қатар технологиялық комплекстегі 
құрамдарға да қатысты болады 
[1,5,6,10].
Өндірістік қондырғы құрылымының қауіпсіздігін төмендегімен 
қамтылады: 

Іс-әрекеттің қауіпсіз принциптерін таңдау, оптималды құрылымдық 
шешім таңдау, энергия көздері мен энергия тасымалдағыштардың 
сипаттамасын таңдау, жұмыс үдерісінің параметрін таңдау, сонымен 
қатар басқару жүйелері мен оның элементтерін таңдау; 

Қолданылатын және жиналатын энергияны минимизациялау; 

Жиынтықтаушы бұйымдар мен құрылыстырмалар жасап шығаруға 
арналған, сондай-ақ іске пайдалану кезінде қолданылатын 
материалдар таңдау;

Оптималды технологиялық үдерістер таңдау; конструкцияға 
кірістірілген жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын, сондай-ақ 


76 
қауіпті жағдаяттардың туындағаны туралы ескертетін ақпарат 
құралдарын қолдану. 

Құрылым мен оның элементтерінің сенімділігі; 

Механизация, автоматизация және дистанциялы басқару мен бақылау 
құралдарын қолдану; 

Құрылымға кірмейтін қорғану қондырғыларын қолдану; 

Эргономикалық талаптарды орындау; 

Қызметкерлердің физикалық және жүйке-психикалық күштемесін 
шектеу. 
Технологиялық кешеннің қауіпсіздік талаптарында кешенді 
құрайтын өндірістік қондырғының бірігетін функциясынан пайда 
болатын қауіптерді де ескеру қажет. 
Әрбір технологиялық кешендер мен автономды қолданылатын 
өндірістік қондырғыларға монтаждау (демонтаждау), эксплуатацияға 
кіргізу мен шығару кезінде апаттық жағдайлардың алдын алатын 
эксплуатациялық құжаттамалар ұсынылады. 
Өндірістік қондырғының қауіпсіздік талаптары эксплуатациялау 
кезеңіндегі барлық уақыт бойына жауап беру керек. Сонымен қатар, 
эксплуатациялау кезінде қоршаған ортаны ластауға түсетін зиянды 
қалдықтар мен зиянды микроорганизмдер санитарлы нормамен және 
стандартпен бекітілген шекті мәннен аспайтындай болу керек. 
Өндірістік қондырғының құрылымдық материалдары жұмыс 
тәртібінің барлық жағдайында, сонымен қатар эксплуатациялау кезінде 
адам ағзасына зиянды әсері болдырмау және өрт пен жарылысқа қауіпті 
жағдайларды тудырмау керек. 
Өндірістік қондырғы құрылым келесілерді ескермеуге кепілдік 
береді: 

Қызметкерлерге төнетін қауіптілікті және бұзуды тудыруға қабілетті 
күштер (егер оның алдын-ала алмаған жағдайда жеке бөлшектерін 
немесе жиналатын бөлшектеріншектеу немесе жарақаттандыру 
жағдайларды тудырмайтындай етіп орналастыру керек); 

Құлау, лақтыру және қондырғы бөлшектерінің өздігінен жылжыту 
мүмкіндіктері (егер қажетті мықтылықты ұстай алмаса, онда арнайы 
әдістер мен бұйымдар қолданылады, олардың эксплуатациялық 
құжаттамалары болады); 

Қызметкерлерге қауіптілік төндіретін бұйымдарды (мысалы 
құралдар, өңделген бөліктер) лақтыру және құлату, сонымен қатар 
жағылатын, суытылатын және басқада жұмысшы сұйықтықтарды 
(осы мақсатта қорғаныс қабаттарын қолданады) шығару;

Қондырғының ыстық беттік қабаты өрт пен жарылысқа қауіпті 
заттармен 
беттесуі, 
қызметкерлердің 
ыстық 
немесе 
суық 
бөлшектерімен түйісуі немесе осындай бөлшектермен жақын арада 


77 
болуы, сонымен қатар, өңделген ыстық немесе қолданылған 
материалдар мен заттарды шашырату. 
Өндірістік қондырғының қозғалмалы бөлшектері жарақаттану 
көздері болып табылады, сол себепті оны қызметкерлерден оқшаулайды. 
Егер қозғалмалы бөлшектің функционалды мақсаты шекарадан 
қолдануға рұқсат етілмеген жағдайда қондырғыны жіберуді ескертетін 
дабылдау құралдары, сонымен қатар дабыл түстері мен қауіпсіздік 
белгілері орнатылады. 
Өндірістік қондырғылар өрт пен жарылысқа қауіпсіз болу керек, 
ол үшін статикалық электр зарядтары жиналмау керек. Дыбыстың, 
ультрадыбыстың және вибрация дәрежесі эксплуатация тәртібінің 
жағдайларының шекті мәндерінен аспау керек. Қондырғылар электр 
(қоршау, жерлестіру, ток жүретін бөлшектерді изоляциялау, қорғаныс 
өшіргіштері) қауіпсіздік құралдарымен қамтылады. 
Қызметкерлерге қауіпсіздік тудырмас үшін оның құрылымының 
элементтері үшкір бұрышты және беті кедір-бұдыр болмау керек. 
Сонымен қатар қызметкерлерге зиянды әсері болатын сәулелердің 
дәрежесін төмендету керек. 
Жұмыс орнындағы (сонымен қатар, қоршаған ортадағы қалдығы) 
зиянды заттар (сонымен қатар, өрт пен жарылысқы қауіпті заттар) 
немесе зиянды микроорганизмдер бөлетін өндірістік қондырғылардың 
ішінде оларды жоятын немесе стандартты және санитарлы нормамен 
бекітілген 
шекті 
мәндерден 
аспайтындай 
концентрацияларын 
төмендететін құралдардан құрылуы керек. Қажет болған жағдайда 
қалдықтарды тазалаудан өткізеді немесе нейтралдайды. Зиянды заттар 
мен микроорганизмдерді бірге жою қауіпті болған жағдайда, олардың 
көздерін бөлек жояды. 
Өндірістік қондырғы жұмыс сипатына сәйкес жергілікті жарықпен 
қамтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет