¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет49/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
 
3.4.2. Құбыр жолдарын салу
Технологиялық 
құбыр 
жолдарының 
салу 
құрылыстық 
ережелермен 2.05.06-85 «Магистралды құбырлар», құрылыстық 
ережелермен 2.09.02-85 «Өндірістік ғимараттар», «Қондырғы және бу 
мен ыстық су құбырлардың қауіпсіз эксплуатациясы бойынша 
ережелер» және «Өрт пен жарылысқа қауіпті химиялық, химиялық 
мұнай және мұнай өңдейтін зауыттардың жалпы ережелерімен» жүзеге 
асырылады. 
Құбыр жолдарының мақсаты мен пайдалану жағдайларына 
байланысты әртүрлі орналастырады: 
жер асты
- өтпелі, өтпелі емес 
каналдарда, сонымен қатар грунттарда және 
жер беті
– тіріктерде, 
жер 
үстіндегі 
- эстакадаларда, қазықтарда, бағана бойынша және ғимарат 
қабырғаларында. 
Жер бетінде және жер үстінде орналасқан құбырлар жер астында 
орналасқан құбырлармен салыстырғанда 2,5 есе ұзақ қызмет көрсетеді. 
Сонымен қатар, жөндеу мен пайдалануға кететін шығын азаяды, 
құбырларды бақылау мүмкіндігі артады және монтаждау мен жөндеу 
жұмыстары жеңілденеді. 
Төтенше және қауіптігі жоғары зиянды заттар мен түтінденетін 
қышқылдарды тасымалдауға арналған құбырларды жер астына салуға 
тиым салынады. Жанғыш (сонымен қатар, қысылғанда) газдар, оңай 
тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар үшін жер асты салу өтпелі 


88 
каналда, сенімді желдеткіш пен люк қондырғылары болған жағдайда өте 
тиімді. 
Құбырлар 
арасына 
қашықтығы 
құбыр 
материалы 
мен 
диаметрімен, сонымен қатар, құбыр массасымен (тасымалданатын орта 
және изоляциямен бірге) анықталатын тірегіш орнатылады. Өту 
жағдайы 250 мм дейін рұқсат етілген болат құбырларды әрбір 3-6 м 
сайын тірегіш орналастырылады. 
Компенсациялық қондырғыны талап етпейтін құбырларды бекіту 
үшін қарапайым шынжырлар, хомуттар және қыстырғыштар 
қолданылады. 
Нәзік және пластикалық материалдан дайындалған құбырлар тұтас 
науада салбырау болмауы үшін орналастырылуы керек. 
Жер үстінде құбырларды орналастырғандағы эстакаданың жаяу 
жолдары үшін еркін ұзындығы 2,2 м, ал автомобиль жолдары үшін 4,5 м 
құрайды. 
Бірнеше құбырлар қатар орналастырғанда химиялық белсенді 
заттары бар құбырларды басқаларынан төмен орналастыру керек. Хлор, 
азот қышқылы және органикалық оңай тотығатын заттары бар 
құбырларды жақын орналастыруға болмайды. 
Құбырларды бірнеше бұрышпен орналастырған дұрыс, бірақ өте 
төмен аумақтардан (гидравликалық «қаптар» құрылмау үшін) қашу 
керек, себебі өнімдер жиналмауы керек. Конденсацияланатын және 
судың буы бар газдарды тасымалдайтын құбырлар конденсат пен суды 
болдырмайтын дренажды қондырғылармен қамтамасыз етіледі. 
Құбыр жолдарының фланц қоспалары монтаж бен жөндеу 
жұмысына ыңғайлы жерде орналастырылады, беті сұйықтар сыртқа 
аққан жағдайда қызметкерлер күймес үшін қорғаныс ретінде қаптамамен 
қапталады (сурет 3- 1).
Сурет 3- 1. Қорғансы қаптама.
Қаптама герметивті емес, ол тек ғана ағысты басады және 
қысымда сұйықтықтың атқылауын болдырмайды. Қарқынды химиялық 
заты бар құбырлардың фланц қоспаларының қызмет орындарын және 
электр қондырғылардың өту жолдарының үстінде орнатпау керек. 


89 
Өрт пен жарылысқа қауіпті өндірістердің цех ішіндегі құбыр 
жолдары мақсатқа тәуелсіз жерлестіру керек, себебі қандайда бір 
зарядтың әсері болмау керек. 
Өрт пен отқа қауіпті өндірістердегі 100 мм қашықтыққа дейін 
параллель орналасқан барлық құбырлардың потенциалдарын теңестіру 
үшін әрбір 20-25 м сайын араларын металл қосындыларымен қосады. 
Бір-бірімен немесе металл сатылары құрылымымен (ара қашықтығы 100 
мм дейін) жақын қиылысатын құбырлар қосындыларымен қосылады. 
Құбыр 
жолдары 
пайдалану 
кезінде 
уақыт 
мерзіміне, 
тасымалданатын ортаның температурасын және оқшаулау жағдайына 
тәуелді температуралық тербеліске ұшырайды. 
Құбырлардың 
температуралық 
деформациясын 
өзіндік 
компенсация есебінен жоюға болады. Сонымен қатар П, Г, Z-тәрізді, 
линзалы, 
толқынды 
арнайы 
компенсатордың 
құрылғылары 
қарастырылған. 
Егер құбыр тірегішке мықты бекітілген болса, онда жылулық 
кернеудің нәтижесінде жарылыс болуы мүмкін. Әсіресе мұндай 
жағдайлар сызықтық кеңею коэффициенті жоғары және мықтылығы 
төмен материалдардан дайындалған құбырларда кездеседі (мысалы 
винилпластты). Бұл жағдайда компенсатор құрылғысы қажет. Қысылған 
ауаны, суық суды және басқада суық сұйықтықтар мен газдарды 
тасымалдағанда компенсаторлар қажет емес. 
Тұтас құбырлармен бұрылған П – тәрізді компенсаторлар кеңінен 
қолданылады. Компенсаторды жалпы бұрышты ескеріп құбырға 
көлденең орнатады. Бұрылған компенсаторларды тек серпімді 
материалдардан дайындайды (мысалы шойын, алюминий, мыс, титан, 
винипласт). Диаметрі үлкен құбырларда компенсаторды гофрмен 
істейді. Химиялық белсенді ортаны тасымалдау үшін қолданылатын 
нәзік және иілмейтін материалдардан дайындалатын құбырлар үшін 
сальникті компенсаторлар қолданылады (шыны, керамика фарфор және 
тағы басқалары). Олар құбырлардың бір ғана тарамын қозғалтады, сол 
себепті оларды біржақты деп атайды. 
Құбыр жолдарын салу кезінде өзіндік компенсацияларын бөлу 
үшін қозғалмайтын және қозғалатын тіреуіштерді қолданады, ол 
температуралық деформация кезінде құбырларға орын ауыстыруға 
мүмкіншілік береді. Өзіндік компенсациясы бар құбыр жолдарының 
кемшілігі тіреуіштер арасындағы аумақта құбырлардың орынын 
ауыстыруы болып табылады. Бұл тіреуіш құрылымын күрделендіреді 
және жіңішке жерде құбыр жолдарын салу өте қиынға соғады. 
Артықшылығы арнайы құрылғыны талап етпейді, сәйкесінше 
экономикалық тиімді. Өзіндік компенсация құбыр жолдары сызықты 
сыну болған кезде ғана мүмкін. Құбыр материал нәзік болған жағдайда 


90 
өзіндік компенсациясы болмайды. Ол үшін шойын, керамика, фарфор 
немесе термореактивті пластмассалар жарамайды (сурет 3- 2). 
 
Сурет 3-2. Өзіндік компенсациясының сызбасы. 
1,5 –құбырдың соңғы бекітілген нүктелері; 2,4 – қозғалмайтын 
тіреуіштер; 3 - қозғалатын тіреуіштер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет