¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Жабық қондырғылар мен ыдыстарда жұмыс істеу



Pdf көрінісі
бет57/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
 
3.5.5. Жабық қондырғылар мен ыдыстарда жұмыс істеу 
кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Қондырғы ішіндегі, цистернадағы, газгольдердегі, құдықтардағы, 
коллекторда және басқада жабық ыдыстардағы жұмыстар 
өте қауіпті
болып таблады. Жабық көлемдерде кездейсоқ улы немесе жарылғыш 
газдар мен булар жиналуы мүмкін. Жарықтандыру жеткіліксіз 
естілмегендіктен қызметкерлердің эвакуациясы өте қиын. Сол себепті 
жабық кеңістікте жұмыс істеу мұқияттылықты талап етеді. 
Жұмысты бастар алдында ыдыстан қалдық сұйықтықты, газды 
және буды тазалап, қоршаған ортаның ауасын анализдеу керек. 
Дайындық біткеннен кейін цех басшысы жауапты адамға жазбаша 
рұқсат береді. Бұйрықта келесілер көрсетіледі: ыдыстың жұмысқа 


102 
дайындығы (істелінген барлық шаралар тізіледі); қауіпсіздіктің негізгі 
шаралары, бригада құрамы, бригада мүшелерінің денсаулықтары туралы 
мәліметтер; мерзімі; жұмысты жүргізетін жауаптының аты-жөні мен 
дәрежесі. Жауапты адам ыдыстың дайындығын тікелей өзі тексеру 
керек. 
Жабық ыдыстармен жұмыс істеуге денсаулығы мықты, 
медициналық тексерістен өткен, 20 жастан асқан жігіттер жіберіледі. 
Бригада құрамы үш адамнан кем болмауы керек, себебі бір адам 
жарақаттанған жағдайда екі адам қауіпті аумақтан жаралыны алып 
шығады. Жаралы адамды ыдыстан немесе құдықтан дабыл жібінің 
көмегімен шығарады. 
Жұмыс дублермен қызмет көрсетілетін шлангты газқағармен 
істелінеді, дабыл жібі ыдыс ішіндегі адамның беліне байланады. 
Дублерда қолдануға дайын шлангты газқағардың бетке тура келетін 
маскасының комплектісі болу керек, қажет жағдайда оңай киіліп 
шешілуі керек. 
Ыдыстағы болу уақытысын жұмыс жағдайлары анықтайды. Ереже 
бойынша ыдыста 15 минут болу керек, одан кейін таза ауамен 15 минут 
дем алу керек. 
Құдыққа немесе ыдысқа түсердің алдында қызметкер нұсқауларды 
қайталайды, маскаларын тексереді, құтқару белдігін дабыл жібімен бірге 
тағады, қолдарына жарылысқа қарсы кернеулігі 12 В аккумуляторлы 
фонарь алады, сосын төмен түседі. Жұмысқа қажет құралдар арнайы 
сөмке көмегімен түсіріледі. 
Газға қауіпті жұмысты орындау барысында қызметкерлер арнайы 
аяқкиіммен, киіммен және жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз 
етіледі (қолғап, жең, алжапқыш, теріні қорғайтын дерматологиялық «Н» 
маркалы заттар, теріні тазалайтын дерматологиялық «Мм» маркалы 
заттар немесе «Н» маркалы қосалқы құралдар). 
Газға қауіпті жұмысты орындау барысында шегемен қағылған 
немесе тағасы бар аяқ киіммен, соққы кезінде ұшқын тудыратын 
бұзылған құралдармен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. 
Газға қауіпті жұмысты орындау барысында жұмысты қоршаған 
орта мен қауіпті аумақтардың ауасы периодты түрде анализденіп 
отырады. 
Егер жұмыс істейтін аумақтан өртке қауіпті мұнай өнімдерінің 
булары 
анықталынса, 
жұмыс 
үдерісі 
бірден 
тоқтатылады. 
Жұмысшыларды қауіпті аумақтан экстрлі түрде эвакуациялайды. 
Пештің, түтін жолдарының және ыстық қондырғыда жұмыс 
істеуі
үшін температураны 30
0
С температураға дейін төмендетеді. 
Жоғары температурада қысқа мерзім ішінде жұмыс істегенде қосымша 
қауіпсіз шараларын қолданады, мысалы таза ауамен желдету, жылуды 


103 
оқшаулайтын киім мен аяқкиім қолданылады, жұмыста үзілісті жиі 
жасау. Жұмысты 50 
0
С температурадан жоғарыда істеуге болмайды. 
Қажет жағдайда жұмысшыларды эвакуациялау үшін барлық 
есіктер мен қондырғы люктері ашық және еркін болуы керек. 
Ыдыс ішінде қызметкердің масканы немесе басқада қорғаныс 
құралдарын шешуін көрген жағдайда үдерісті бірден тоқтатып, масканы 
шешкен адамды ыдыстан шығару керек. 
Уланған жағдайда жаралыны қауіпті аумақтан шығарып, киімін 
шешіп, таза ауамен дем алдыру керек және нашатыр спиртін иіскету 
керек. Қажет болған кезде жасанды тыныс жасау керек. Мұнай өнімі 
көзге тиген жағдайда судың көп мөлшерімен шаю қажет. 
Қажетті медициналық көмекті жараланушының жағдайы 
қанағаттандырылатын жағдайда да шақырылады.
Мұнай өнімдері мен газ шығымы болған жағдайда басшылар мен 
өрт қызметкерлеріне хабарлау қажет. 
Газға қауіпті жұмыс орындалып біткеннен кейін жұмыс орнын 
тазалау, құралдар мен қондырғыларды ретке келтіру қажет. 
Жауапты адам ыдыстың ішінде қызметкерлер мен бөгде 
адамдардың, сонымен қатар құралдар мен қондырғылардың жоқтығын 
тікелей өзі тексеру қажет және рұқсат құжатты жабу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет