¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


БӨЛІМ 1. ТЕХНОСФЕРА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК



Pdf көрінісі
бет2/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
БӨЛІМ 1. ТЕХНОСФЕРА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК 
1.1.Адам және қоршаған орта
Тіршілік үдерісінде адам баласы әрқашанда қоршаған ортамен 
байланыста болып, «адам – қоршаған орта» жүйесін түзеді. Осы жүйеде 
адамзат екі негізгі мәселені шешеді: өзінің асқа, суға және атмосфераға 
деген қажеттілігін өтейді; кері әсер тудырады және одан өзін және 
қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді. Қоршаған орта 
физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік факторлардың 
біртұтастығын құрайды, белгілі бір жағдайда адамның іс-әрекеті мен 
денсаулығына тікелей не болмаса жанама әсер береді. Қоршаған орта 
«жер бисоферасы» ұғымымен тікелей байланысты. Биосфера – жердің 
сыртқы қабаты, тірліктің таралуы және өмір сүру аумағы, соның ішінде 
барлық жанды организмдер мен олардың мекендеу ортасын құрайтын 
жансыз табиғаттың элементтері 
[1].
Биосфераны өте үлкен, күрделі және барлық үдерістер мен 
бөлшектердің реттелуі негізінде жұмыс істелетін экожүйе ретінде 
қарастыруға болады. Экожүйе – тірі ағза мен қоршаған ортадан 
түзілетін біртекті табиғи кешен. Биосфераның тұрақтылығы заттың 
жалпы ағынын ұстайтын әртүрлі функцияны толтыратын тірі 
ағзалардың көптүрлілігімен және биогенді және абиогенді үдерістердің 
арасындағы энергияның таралуымен тұрақталынады. 



Азық іздеген күйбеңнен арылуына қарай, адам өзінің мекендеу 
ортасын жайластыруға барған сайын көп уақыт бөле бастады. Бұл 
орайда ол табиғи ортамен байланысынан біртіндеп айырылып, 
экожүйелердің қуатты минималды жұмсау жағдайында тіршілік етуге 
және дамуға қабілетінен туындаған оның заңдарынан алыстады. 
Қоршаған ортаға антропогендік және техногендік әсердің осылай 
күшеюі жаңа мекендеу ортасының – техносфераның құрылуына себеп 
болады. 
Техносфера біздің планетамыздағы биосфераның орнын белсенді 
түрде алмастыра бастады. Планетамызда экожүйесі бұзылмаған 
аумақтың саны өте аз қалды. Экожүйе Еуропа, Солтүстік Америка және 
Япония секілді дамыған елдерде көп бұзылған. 
Қорыта айтқанда, техносфера – адамзаттың материалды және 
әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, 
адамдардың 
тікелей 
немесе 
жанама 
қатысында 
техникалық 
қондырғылардың көмегімен туындаған биосфераның бір аумағы. 
Табиғат пен адамға деген кері әсердің бірі техносфера құру кезіндегі 
адамдардың антропогендік іс-әрекеті. Осы мәселені шешу үшін 
техносфераны дамыту болды, сол кезде табиғат пен адам баласына деген 
кері әсер рұқсат етілген деңңгейге дейін төмендейді. 
Техносфераның түзілуіне төмендегідей аспектілер әсерін тигізді: 

Жер бетіндегі халық санының өсуі және оның урбанизациясы; 

Энергетикалық ресурстардың концентрациясы мен қолданысының 
өсуі; 

Өнеркәсіптің және ауыл шаруашылық өндірісінің қарқынды дамуы; 

Көлік қондырғыларын жалпылай қолдануы; 

Әскери мақсатқа және басқа да бірқатар үдерістерге шығынның өсуі. 
Техносфера адамзат іс-әрекетінің қоршаған ортасы болғандықтан 
бірнеше саламен сипатталады: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық, 
транспорттық және тағы басқалары
[4].
Өнеркәсіптік техносфера өнеркәсіптік өндірістерде құралған. 
Өнеркәсіпте адам өндірістік ортада шарушылық іс-әрекетті жүзеге 
асырады. Өнеркәсіптік орта – табиғи және техникалық сипаттағы 
факторлардың, сонымен қатар өндірістік күш және өндірістік 
қатынастың әсерінен түзілетін әлеуметтік элементтердің біртұтастығы. 
Өнеркәсіптік ортадағы адамзаттың іс-әрекеті жұмыс түрінде белгілі бір 
жағдайда жүзеге асырылады және еңбек жағдайы деп аталады, сонымен 
қатар физикалық және оймен жұмыс болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет