10
алады. Тәуекел – үдерісті жүзеге асыру мүмкіндігі мен одан келетін
шығындармен анықталынады
[7].
Өндірістік тәуекел R мүгедекті немесе басқада ауыр жағдайларды,
сонымен қатар өндірістік жарақаттарды: R=N
х
/N, N – белгілі бір
уақыттағы
жағдайлар саны, N
x
- белгілі бір уақыттағы бақытсыз
жағдайлардың жалпы саны; не болмаса R=N
x
p, N
x
– бір жыл ішіндегі
бақытсыз жағдайлардың саны,
р – қауіпті аумақтағы адамның болу
аумағы тудыратын бақытсыз оқиғалармен бірге жүреді
.
Тәуекел
– қауіп-қатердің салдарын есепке алғандағы сандық өлшем.
Қауіп-қатердің пайда болу салдары үнемі зиянды заттарға алып келеді,
яғни олар экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық және тағы да басқа
зияндар болуы мүмкін. Осыған орай, тәуекелдің құны зиянды заттардың
құнымен байланысты болуы тиіс. Күтілетін зиянды заттар неғұрлым көп
болса, соғұрлым теуекел едәуір көп болмақ. Сонымен қатар, тәуекел көп
болған сайын, сәйкесінше қауіп-қатер де жоғары болады. Сол себепті,
біраз жеңілдетілген тәуекел (R), күтілетін зиянның (W) магнитудасы
бойынша қарастырылып отырған оқиғаның немесе үдерістің (Р)
ықтималдық қауіп-қатерінің туындауы ретінде анықталуы мүмкін.
R =
{
P·W
}
Осылайша, "тәуекел" ұғымы қоршаған ортаға арналған зиянды
заттар мен ықтималдылық мөлшеріндегі белгісіздігі бойынша
"ықтималдық қауіп-қатері" және "зиян" ұғымдарын біріктіреді.
Адамдар
белсенділігінің өсу ауқымы, қоршаған орта мен
экологиялық жүйе мәселелерінің қиындығы, осы жүйелердің өзара
байланысы туралы білімнің кемшілігі – бұның бәрі сақтық амалы
кілтінің белгісіздігіне ерекше мән береді.
Ғаламдық жылуды белгісіздік нұсқасы ретінде ұсынуға болады.
Өткен кезеңдерде парникті эффект CO
2
қалдықтары болмаған және
қауіп
ретінде танылмаған. Қазіргі кезде ғаламдық жылу әсерінің болашағы
туралы мағлұматта айтарлықтай белгісіздіктер бар, бірақ бұл
жылынулар жайлы болжамдар мен оның салдары туралы әлдеқашан
айтылып койылған. Бұл салдар атмосфераға СО
2
қалдықтарын жіберуге
үлкен назар аударуды қажет етеді.
Тәуекел – векторлы көп компонентті мөлшерде болып келетін
статистикалық баға санаты деп аталады.
R
ec
=
{
S, P
S
, W
}
Мұнда S – сценаридың сипаттамасы, PS – қауіп-қатерінің жүзеге асу
ықтималдығы, W – зиян (жоғалу).
Өндірістік жағдайда тәуекел дара
және ұжымдық болып екіге
бөлінеді. Дара тәуекел – жеке нақты бір адамның іс-әрекеттінен
туындайтын қауіптікті сипаттайды. Біздің елімізде болатын өндірістік
жарақаттар мен сырқаттар көп жағдайда жеке
өндірістік тәуекелден
туындайды.
11
Сурет 1.1. Тәуекел шамасының графикалық көрінісі [5]
Ұжымдық тәуекел – екі немесе оданда көп адамдардың басына
түсетін қауіп. Мүлдем қауіпсіз іс-әрекет болмайды, сол себепті мүмкін
болатын тәуекел ұғымы енгізіледі. Елімізде қолданылатын өндірісте
жарақаттану мен кәсіби дертке шалдығу көрсеткіштері –
жазатайым оқиғалар мен кәсіби дерттердің жиілігі – дербес
өндірістік тәуекелдіктің көрінісі болып табылады.
Абсолютті қауіпсіз қызметке кепілдік беру мүмкін емес, сондықтан
жарамды (қолайлы) тәуекел ұғымы енгізіледі. Бұл экономикалық және
әлеуметтік шарттар тұрғысынан ақтаулы тәуекелдік.
Басқаша
айтқанда, қоғам жалпы алғанда әлдебір қызметтің нәтижесінде белгілі
бір игіліктерге ие болуды көксеп, оған көнуге дайын тәуекел жарамды
болып табылады.
Әрбір жағымсыз жағдайлар белгілі бір құрбандыққа – тәуекел
объектісіне байланысты туындауы мүмкін. Тәуекел объектісі мен
жағымсыз
жағдайлардың қатынасы дербес, техникалық, экологиялық,
әлеуметтік және экономикалық тәуекелдерді ажыратуға мүмкіндік
береді [5]. Оның әрбір түрі тәуекелдің факторлары мен тиісті қорларын
қамтамасыз етеді, яғни классификациясы мен сипаттамалары 1.1.
кестесінде көрсетілген.
Кесте 1.1.
Тәуекел түрлерінің сипаттамасы мен классификациясы
Достарыңызбен бөлісу: