ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру
|
Білу. 1 тапсырма: Органикалық заттың түзілуі, атмосферада көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығы туралы түсініктерін тексеру.
"Миға шабуыл" әдісі
|
"Миға шабуыл" әдісі бойынша білімдерін жинақтау:
Алғаш өсімдіктердің органикалық заттарды өздері түзе алатындығын дәлелдеді?
Жапырақта бөлінген оттегі ауаға қалай таралады?
Жарық әсерінен фотосинтез кезінде атмосфераға қандай зат бөлінеді?
Фотосинтез әсерінен түзілген қант хлоропластарда өзгеріп, қандай затқа айналады?
Фотосинтездің ашылу тарихы қай жылдан бастау алады?
Жапыраққа күн сәулесі түскенде:
Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып:
Фотосинтез:
Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған:
Өсімдіктердегі қанттың түзілуі:
|
Жетістік критерий "Басбармақ"
|
ІІІ. Жаңа тақырып Шығармашылық жұмыс
|
Түсіну. Қолдану. Талдау. 2 тапсырма: Өсімдіктердің тыныс алуы, әсер ететін жағдайлар туралы білімдерін кеңейту;
"Ортақ талқы"әдісі
|
"Ортақ талқы"әдісі бойынша топ жұмысын ұйымдастыру:
І топ: Бір жылдық өсімдіктерден басқалары өсу мүшелері арқылы көбейіп, жаңа өскін береді. Көбею тәсілдері: І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею: а) тамырсабақ; ә) түйнек; б) пиязшық; в) мұртша. ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктері мен көбею (сабағы, жапырағы, тамыры). ІІІ. Телу арқылы көбею (бүршіктерінен, көзшелерінен телу).
Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею. Алаңдарды, гүлзарларды, мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында жыланқияқ (құртқашаш), інжугүлдердің тамырсабақтарынан көбейтеді. Тамырсабақты 2-3 бүршіктен қалдырып, бөліп топыраққа отырғызады. Жыл сайын гүлдеп, тамырсабақтары ұзарып өсіп, дами береді (1-сурет).
Тамырсабақты өсімдіктер алғашында 1-2 түп болып өссе, жылдан-жылға көбейе береді.
Түйнек арқылы көбейтуге картоп алынады. Егер түйнек үлкен болса, әрқайсысына 1-2-ден бүршіктерін қалдырады да, бірнешеге бөліп отырғызады.
Пиязшықтары мен пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ және т. б. көбейеді. Мысалы, қыста қызғалдақ гүлдерін пиязшығынан өсіреді.
Мұртшалары мен қойбүлдірген, құлпынай көбейеді. Сабағының түбіндегі ұзын мұртшаларының топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамырлар шығады. Бүршігінен өркендер дамиды. Мұртшадан өрбіген жас өркендерді бөліп алып, жеке-жеке отырғызады.
ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктері (жас өркендері) арқылы көбейту.
Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі және т.б. өсімдіктер көбейеді (2-сурет). Көбейту үшін қыстық (жапырақсыз) және жаздық өркендер (жапырақты) алынады.
Қыстық өркендерді күзде дайындайды. Жапырақтарын түсірген кезде немесе көктемде бүршігін жармай тұрғанда ұзындығы 20-30 см 1, 2, 3 жылдық өркендерін алады. Көктемге дейін құмға көміп, көктемде топыраққа отырғызады.
ІІ топ жұмысы:
Телу арқылы көбейту. Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыру. Дәмді, суыққа төзімді, зиянкестерге шыдамды, іріктемелер шығаруға телу әдісін қолданады.
Суыққа төзімді жеміс алу үшін мәдени өсімдіктердің бүршігін жабайы өсімдікке телиді. Суыққа төзімділік қасиеті жемістерге беріледі. Телудің көбірек қолданылып жүргендері –жанастыра телу, кесінділеп телу, көзшелеп телу.
Жанастыра телу – қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастырады. Жанасар жағындағы қабығын азғана сүрегімен қоса сыдыра тіліп тастайды. Жөке немесе кендір жіппен байлап қояды. Ұласу мерзімі 1-2 жыл.
Кесінділеп телу – бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.
Көзшелеп телу – бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алады. Екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәріздендіріп тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе жанастырып, жөкемен байлап қояды..
|
Өзін-өзі бағалау
|