¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


 Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет55/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65
Байланысты:
treatise42883

3.5.3. Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік
Газға қауіпті жұмыстарға жұмыс аумағында улы, жарылысқа 
қауіпті және өртке қауіпті заттар бөлініп адам ағзасын улайтын, 
сонымен қатар, ауадағы оттегінің мөлшері 20 % аз болатын жұмыстарды 
айтады. 
Жарылысқа қауіпті газдар мен мұнай өнімдерінің булары 
жиналатын орындар: мұнай өнімдерін соратын сорғыш станциясы, 
оларды сақтайтын резервуарлар, төкпелі және құймалы эстакадалар 
(әсіресе мұнай өнімдерін төккенде және құйғанда), қондырғылар 
орналасқан немесе мұнай өнімдері немесе газ коммуникациялары өтетін 
оқшауланған және желденбейтін ғимараттар, технологиялық құдықтар, 
науада орналасқан құбырлар, өндірістік канализация құдықтары. 


99 
Өртке қауіпті газдар және мұнай өнімдерінің булары апаттық 
жағдайды немесе технологиялық режимді бұзғанда мұнай өнімдерінің 
тамшылау салдарынан және олардың буларының нығыздалмаған 
люктерінен, қақпақтардан, реттегіш пен қорғағыш арматуралардан және 
ақаулық салдарынан мұнай өнімдерінің булары жиналуы мүмкін. 
Газға қауіпті орындар мен жұмыстарды өнеркәсіптің бас инженері 
бөлінетін улы және газға қауіпті заттарды көрсетіп бекітеді. Газға 
қауіпті жерлерге плакаттар мен ескертпелі белгілер ілінеді. 
Ғимарат ауасындағы жанғыш газдар мен оңай тұтанатын 
булардың концентрациясын газоанализатор анықтайды. Орны мен 
ауадағы үлгіні алу периодтығын өнеркәсіптің бас инженері анықтайды. 
Газға қауіпті жұмысты жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтуға 
өнеркәсіптің бас инженері (директор) жауапты және оның міндеті: 
қауіпсіздік талаптарын орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру; газға 
қауіпті жұмыстарды қысқарту үшін барлық шараларды жүзеге асыру 
(механизация, герметизация және автоматизацияны қолдану); оқу-
дайындық сабақтарын газға қауіпті жұмыстарды жүргізу әдістерімен 
өткізу; газға қауіпті жұмыстарды жүргізу мен дайындау үшін 
жауаптыларды анықтау; жеке қорғау, қызметкерлердің құрамын және 
жұмыс тәртібін анықтау (қорғаныс аумағындағы мерзім ұзақтығы және 
жұмыс үзілісі, ауадағы үлгіні алу периодтығы). 
Газға қауіпті жұмысты рұқсат құжат құрылғаннан кейін, 
өнеркәсіптің қауіпсіздік шаралары көрсетліген, бас инженер қол 
қойғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Рұқсат құжат жұмыстың көлемі 
бітетін барлық мерзімге беріледі. Егер жұмыс аяқталмаса, бірақ сол 
кезде жұмыстың жүру сапасы төменделмесе және сипаты өзгермесе, 
онда
рұқсат құжатта мерзімі жазбаша түрде ұзартылады. 
Газға қауіпті жұмыстарды орындау кезінде арнайы оқытылған 
қызметкерлер алынады, олар алғашқы медициналық қызмет көрсетуді, 
жаралыны құтқаруды және тыныс ағзаларын қорғайтын жерде жұмыс 
істей алатын, сонымен қатар, жұмыс істейтін жердегі заттардың 
қасиеттерін біледі. 
Газға қауіпті жұмыстарға барлық дайындық жұмыстары біткеннен 
кейін және нұсқаулардан өткеннен кейін өрт күзетінің келісімімен 
жіберіледі. 
Газға қауіпті жұмыс жүргізілетін жерлер қауіпсіздікті қамтамасыз 
ететін өрт сөндіргіштермен және жеке қорғаныс қондырғыларымен 
жабдықталуы керек. 
Газға қауіпті жұмыстар тек күндіз ғана (апаттық жағдайлардан 
басқасы) жүзеге асырылуы керек. Түнгі уақытта немесе жергілікті 
жарықтандыру кернеулігі 12 В аспайтын жарылыстан қорғанатын 
аккумуляторлы 
фонарьмен 
жарықтандырады, 
оның 
қосқышы 
жарылысқа қауіпсіз жерде орнатылады. 


100 
Өнеркәсіптегі газға қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру техника 
қауіпсіздігі мен еңбек қорғау қызметкерлері жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет