¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет24/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
2.4.3. Діріл мен оны бағалау
Діріл
– адам ағзасы сілкініс ретінде қабылдайтын қатты денелер 
(машиналардың немесе қондырғылардың бөлшектері) тербелістері. 
Діріл естілетін шуылмен қатар жүруі мүмкін. Дірілді сипаттайтын 
негізгі параметрлер: жиілік (f, Гц), ығысу амплитудасы (Ам, м), 
жылдамдық (υ, м/с) және үдету (а, м/с) болып табылады. 
Өндірістік шуылдарға сияқты діріл үшін де вибро жылдамдық пен 
виброүдетудің 
дБ-мен 
өрнектелетін 
салыстырмалы 
деңгейлері 
енгізілген. 
Виброүдету (L
a
) мен виброжылдамдықтың (L
0
) логарифмді деңгейі 
мына формуламен анықталады: 
L
а
=20lgа/10
-6
; L
υ
=20lgυ/(5·10
-8
), 
Мұндағы, а-виброүдетудің орташа квадраттық мәні, м/с
2
; υ – 
виброжылдамдықтың орташа квадраттық мәні, м/с. 
Адамға әсер ету әдісі бойынша 
жалпы
және 
жергілікті 
діріл 
болады. Жалпы діріл отырған немесе тұрып тұрған адамның денесіне 
тіремелі беттер арқылы, жергілікті діріл қолдар арқылы беріледі. 
Уақыттың сипаттамалары бойынша 
тұрақты
және 
тұрақсыз
дірілдер болады. Тұрақты дірілдің спектрлі және жиілік бойынша 
түзілетін параметрі (виброжылдамдық немесе виброүдету) бақылау 
кезінде 2 еседен төмен (≤6 дБ) өзгереді. Ал діріл үшін бұл параметрлер 
бақылау кезінде 2 еседен жоғары (6 дБ) өзгереді. 
 2.4.4. Шуыл мен дірілді мөлшерлеу 
Жұмыс орындарындағы шуылды мөлшерлеу үшін әдетте жалпы 
шуылды ғимараттағы шуыл көздерінің санына тәуелсіз регламенттейді. 
Өндіріс жағдайларында шуылды минималды деңгейге дейін азайту 
техникалық тұрғыда қиын болады, сондықтан мөлшерлеу кезінде 
оптималды емес, шыдарлық жағдайларға сүйенеді. 
Жұмыс орнындағы үздіксіз шуыл кезінде жұмыс уақыты бойы 
шуылдың 4 сағаттан астам тоқтаусыз әсері кезіндегі октавалы 
жолақтарындағы дыбыстық қысымның (дБ) деңгейін мөлшерлейді. 


51 
Тональды және импульсті шуыл үшін, сонымен қатар ауаны 
кондиционирлеу, желдету немесе ауамен жылыту қондырғылары 
тудыратын шуыл үшін рұқсат етілген деңгей кестеде көрсетілген 
мәндерден 5дБ-ға төмен. Жиіліктердің октавалы қуаттың деңгейлері 
октавалы деңгейлер, ал жиіліктердің барлық деңгейлеріне жататын 
деңгейлер жалпы деңгейлер деп аталады. 
Шуылды адам субьективті сіңіретіндей бір санмен бағалау үшін 
қазіргі кезде “дыбыс деңгейі” (дБА) ұғымы қолданылады. Ол – адам 
құлағы шуылды қабылдайтын жиілікті сипаттамаға жуықталатын 
жиілікті сипаттамаға А орнатылған шуыл өлшегіш өлшейтін дыбыстық 
қысымның жалпы деңгейі. 
Энергиясы 
бойынша 
эквивалентті 
дыбыс 
деңгейі 
деп 
регламенттелетін уақыт интервалының ауқымында уақыт аралығында 
өзгеретін тұрақсыз шуыл дыбыс деңгейінің орташа квадраты мәнімен 
бірдей мәнге ие тұрақты ұзақ тұрақты дыбыс деңгейін атайды. 
Төменде өндірістік ғимараттар мен кәсіпорындар аймағындағы 
жұмыс орындарындағы дыбыстық орташа геометриялық жиілігіне 
тәуелді дыбыстық қысымның рұқсат етілген деңгейлері келтірілген*. 
Кесте 2.4 Дыбыстық қысымның ұйғарынды дәрежесі (
*дыбыстық 
эквивалентті деңгейі 85 дБА
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет