¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Шуыл мен дірілден қорғану



Pdf көрінісі
бет26/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
Байланысты:
treatise42883

2.4.5. Шуыл мен дірілден қорғану 
Жұмысшыларды шуыл мен дірілден эффективті қорғау үшін 
инженерлік – технологиялық, ұйымдастырушылық және медициналық 
сипаттағы кешенді шаралар енгізу қажет. Бұған шуыл мен дірілді 
олардың пайда болу көзінен азайту, дыбыс пен дірілден қорғау және 
оларды жұту тәсілдерімен шуыл мен діріл көздерін изоляциялау, 
технологиялық қондырғыларды, машиналарды және механизмдерді 


53 
рационалды орналастыру арқылы архитектуралық – жоспарлық 
шешімдерді 
енгізу, 
жеке 
қорғаныс 
құралдарын 
қолдану, 
профилактикалық сауықтыру шараларды жүргізу жатады [1]. 
Шуыл мен дірілді пайда болу көзінен азайту жұмысшыларды 
қорғаудың негізгі және рационалды әдісі болып табылады. Мұны 
жобалау сатысында, сонымен қатар технологиялық қондырғылар
эксплуатациясы кезінде ескеру қажет. 
Әдетте шуылды азайту үшін оның көзін изоляцияланған ғимаратқа 
орналастырады немесе өзіндік көздер (технологиялық қондырғылар) 
тудырыратын шуыл деңгейін азайтады. Изоляцияланған ғимаратқа 
шығатын шуылды азайту үшін қабырғалар, есіктер мен жабындардың 
дыбыстық изоляциясын жақсартады. 
Өзіндік көздері бар ғимараттағы шуылды азайту үшін жұмыс 
орындары изоляциясын ең шуылы көп қондырғыдан жобалайды. Осы 
мақсатта қондырғыны бокстарға орналастырады, оның үстіне дыбысты 
изоляциялайтын қаптаманы ескереді, ал дыбыстық толқындардың 
таралу жолына экрандар мен дыбысты жұтатын жабындар 
орналастырады. Шуылы аз ғимраттарды интенсивті шуыл көздері бар 
ғимараттардан бөлу қажет. 
Өнеркәсіптік ғимараттардағы дыбыстық изоляция
. Дыбыстық 
изоляция деп шуылдың таралуына кедергі жасайтын арнайы 
құрылыстық құралдарды – қабырғаларды, жабындарды, қаптамаларды, 
төбелерді 
және 
т.б. 
жасауды 
түсінеді. 
Көбінесе 
дыбысты 
изоляциялайтын құрылмаларды дайындау үшін бетон, кірпіш және 
керамикалық блоктар қолданылады. Қызмет көрсетуші персоналды 
шуылдан қорғау үшін бақылау және дистанционды басқару 
кабиналарын ұйымдастырады. Кабина құрылмасы қажет дыбыстық 
изоляцияны қамтамасыз етуі тиіс. Оларды жеңіл материалдардан 
дайындайды, жақсылап герметизациялайды және ішкі жағынан дыбысты 
жұтатын материалдармен өңдейді (2.9 – сурет). 
Шуылы көп агрегеттардан таралатын шуылды азайтудың оңай және 
арзан әдісі олардың үстіне дыбысты изоляциялайтын қаптамаларды 
орналастыру болып табылады. Қаптамаларды қолдану жұмыс 
орындарындағы шуылды кез – келген шамаға дейін азайтуға мүмкіндік 
береді. Қаптамалар алмалы – салмалы немесе жиылмалы болуы мүмкін, 
олардың байқау терезелері, коммуникацияларды кіргізуге арналған 
қуыстары болады (2.10 - сурет). Дыбыс изоляциясын қаптама 
қабырғаларының ішкі бетіне дыбысты жұтатын материал қабатын 
орнықтыру арқылы жақсартады. Дыбысты изоляциялайтын қаптамалар 
ды еденге резиналы аралықтарға орналастырған жөн, қаптама 
элементтері агрегатпен беттеспеуі тиіс. 


54 
1 – желдетуші бәсеңдеткіш; 2 – сорып шығаратын желдеткіш; 3 – болаттан 
немесе алюминий балқымасынан жасалған бет; 4 – оргшыны; 5 – резиналы аралық; 
6 – перфорацияланған авиаеденнен жасалған қабыршық; 7 – дыбысты жұтатын 
материал. 
 
2.9 – сурет. Дыбысты изоляциялаушы кабиналар 
1 – жетекке арналған қуыстағы бәсеңдеткіш; 2 – ауа рецеркуляциясына 
арналған қуыстағы бәсеңдеткіш; 3 – дыбысты жұтатын қаптауыш; 4 – металды 
бет; 5 – резиналы аралық; 6 – перфорацияланған бет немесе тор.
2.10– сурет. Дыбысты жұтатын қаптама 


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет