Қолданылатын әдебиеттер: 1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.
Лекция Дамуында ауытқуы бар балалардың есте сақтауы Жоспары: 1.Естің түрлері
2.Дамуында ауытқуы бар балалардың еске сақтау ерекшелігі
3.Материалды еске сақтау кезіндегі вербализацияның және ойлаудың рөлі.
Естің негізгі түрлері:
Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Онсыз біз әрекеттерді жаңадан үйреніп отыруымыз керек. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның еңбектегі шеберлігінен көрінеді.
Сезімдік ес – бұл біздің сезімімізді есте қалдыру мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты. Эмоция есі адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды болып табылады.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, дәмге, дыбыстарға негізделген. Жад іздері оның мәні бұрын қабылданған нәрсені елес түрінде жаңғыртады.
Сөздік логикалы ес – мазмұнына біздің ойымыз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді. Сондықтан ой тек мағыналық болмай, сөзді-логикалы болады. Сөздік-логикалық мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан қарапайым түрдегі қозғалыс, бейнелі және эмоционалды елестер жануарда болса, мағыналы ес адамға тән. Сөздік-логикалық ес басқа ес түрлерінің дамуына көмектесіп, олардың жоғарғы деңгейге көтерілуіне ықпал етеді. Нақты қызметтік ес – адамның нақты іс-әрекеті. мезеті мен қажетіне орай қозғалыстарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандайда бір әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. осы екі арадағы нәтиже сол кездегі қажеттілігімен есте тұрады. Ал көзделген мақсатқа жақындаған сайын алдыңғы нәтиже ұмтылып келесі әрекет ақпаратына орын босатқандай болады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар ретімен өзгеріссіз есте қалады. Мұндай есте қалдыруда адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенсе, мағыналы есте қалдыруда материалдық ішкі логикалық байланыстарына сүйенеді. Сондықтан механикалықтан гөрі мағыналық есте қалдыру тиімді, механикалық есте қалдыру сан мәрте қайталау керек, ал ол жатталған нәрсе керек кезінде еске түсе бермейді. Материалды түсініп, ұғу үшін түрлі әдістер қолданылады. Игерілетін материалдың өзекті ой бөлініп алып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы мәтіннің әрбір бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады, сөйтіп осы арқылы материалды еске түсіру жеңілдейді, оқушының білімін берік етеді. Материалды ұғынудың пайдалы әдісі – салыстыру, заттар, құбылыстар, оқиғалар арасындағы ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Есте берік қалдыру жолы – қайталап тұру. ол әртүрлі немесе белсенді болуы керек. (сұрақтарға жауап беру, схема, таблица) уақытқа байланысты қайталау: 1. Жинақты – материал қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. 2. Бөлшектенген – тиімді, қуат пен уақыт үнемделеді, білім берік есте қалады.
Психологияда жаттаудың 3 түрі бар:Тұтастай – мәтінді бастан аяқ бірнеше реттігерілгенше қайталау. Шамалап – бірнешеге бөлініп, әрқайсысы өз алдына бірнеше рет қайталанып, жатталады. Аралас – бірде толық, кейін тараулары бөлініп, оқылып жатталады. Есте сақтау:динамикалық есте сақтау қызметтік (оперативная) есте орын иеленіп, жатталған материал өзгеріске түсе бермейді. Статистикалық ( тұрақты) – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді, материал қайта құрылып, өңделеді. Ақпараттың сақталып, өзгеріске түсуі- тану мен қайта жаңғыртуда болады. Затты не құбылысты тани отырып, оны белгілі бір категорияға жатқызамыз. Тану 2 дәрежеде, бірінші, адамның алдындағы затты біле алмай шаршатуы; екінші, күмәнсіз дәл тануы; Қайта жаңғырту танудан соң жүреді. Қайта жаңғырту материалды өз кезегімен еске түсіру арқылы жүреді. Ұмыту – еске түсіре алмау. Оның физиологиялық негізі-уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі. Ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Ұмытшақтықты жеңу үшін, оның туындауына себепші келесі заңдылықтарды білу қажет.