Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Қазақстан тарихының тарихнамасы Қазақ диаспорасы, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихымен байланыста оқытылады.
Курстың/пәннің мазмұны: Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттелінді. Деректік базаның кеңеюіне, ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әртүрлі деректерінде түрліше бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Бүгінгі күні деректану бірнеше салалардан тұратын, жан-жақты дамыған ғылымға айналды. Курсты оқытудың мақсаты – деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу