Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау Курстың/пәннің/ юниттің атауы: : Қазақстан тарихының деректері
Пәннің коды: KTD 3307
Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті Оқу жылы: 2012-13ж
Оқу семестрі:
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Қожақұлы Ө
Курстың мақсаты: Өзге елдер тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің төлтума деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тану – еліміз тарихын оқып-білудің шешуші шарттарының біріне жатады. Деректерді тану ісімен тарих ғылымының маңызды саласы – деректану айналысады.
Деректану тарихнамамен қатар, келешек тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы дайындығын қамтамассыз ететін ілгері пәндер санатына енеді. Қоғамның өткенін тарихшы тікелей зерттей алмайды. Ол тек тарих ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректер арқылы ғана зерттейді.