Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, электрндық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РМЭБ – республикалық жоғарғы оқу орындары арасынғы электронды кітапхана)
Курс аталуы/ пәні Инновациялық менеджмент
Пәннің коды: ІМ 2101
Пәннің типі: Базалық пәндер, таңдау компоненті
Оқу жылы 2-ші жыл
Оқу семестрі – 1семестр
Кредит саны- 2 KZкредит = 3 ECTS кредит
Профессор/лектордың аты жөні: Муханова А.Е.- аға оқытушы, экономика ғылымдарының кандидаты.
Курс мақсаты: маман басшылар үшін маңызды деген сұрақтармен студенттерді таныстырып, олардың бойына ұйымның тиімді стратегиясын анықтау, өндірістік-шаруашылық, әлеуметік-экономикалық қызметтің барысын болжай білу, ішкі және сыртқы факторлар әсерін алдын-ала талдау, жоспарлау арқылы ұйымдарды жаңаша басқару жөнінде кәсіби дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ, нарықтық экономиканың талаптарына сай тәжірибелі мамандарды дайындау.
Курстың жалпы міндеттері ресми, коммерциялық, коммерциялық емес, ірі және кіші мекемелер мен фирмалар, ұйымдардың инновациялық саясатын айқындау; инновациялық стратегияларының түрлерін, олардың тиімділігін бағалау; инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін; инновациялық менеджментегі тәуекелді басқару, сондай-ақ, персоналдың инновациялық әлеуетін бағамдау, идеяларды қолдау және корпоративтік мәдениетті қалыптастыру негіздерінен толық мағлұмат беру.
Достарыңызбен бөлісу: |