Пәннің/курстың мазмұны:Кәсіпорынның маңызы мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлі, шаруашылық жүргізу объектісі ретінде танысу. Кәсіпорынның ресурстық базасы мен әртүрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру. Кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нәтижелерін зерттеу.
Ұсынылған әдебиеттер: Куатова Д.Я. Экономика предприятия: Учебное пособие.-Алматы.-2011
Мыңатаев М.М. Нарық жағдайындағы кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы.-Алматы.-2011
Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: Оқулық.-Алматы.-2009
Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник.-Алматы.-2009
Сабақ беру әдістері: баяндау, активті, интерактивті, талдау, түсіндірме, сұрақ-жауап, зерттеу, болжау, бақылау, дамыта оқыту технологиясы, т.б. Бағалау әдісі : әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша , ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға. Оқу тілі: қазақ, орыс