Жасөспірім шақ және бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері. Балаң жастық шақ бала мен ересектердің арасындағы аралық жағдайда пайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұла оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын рөлі ересектердің рөлінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жақта мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рөлдер мен мүдделер диапозонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рөлдер бірден-бірге көбейеді, осыдан барып дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады.
Жоғары мектеп жасы арнайы және жалпы қабілеттерінің негізгі жетекші іс-әрекет: оқу, қарым-қатынас және еңбек базасында дамуының жалғасуымен сипатталады. Оқуда жалпы интеллектік қабілеттер, әсіресе, түсініктік теориялық ойлау қалыптасады. Бұл түсініктерді игеру, оларды пайдалану ептіліктерімен, логикалық және абстрактілі талдай алумен жүзеге асады.