Не психология кафедрасы


Ересектік жасын кезеңдерге бөлу



бет20/55
Дата07.03.2022
өлшемі1,06 Mb.
#134445
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
psihologiya 2021 umk

Ересектік жасын кезеңдерге бөлу. Ересектік кезеңнің шекарасын түсіндірудің қиындығы соншалық зерттеушілер бір кезеңнен екінші кезеңге өтуді сипаттайтын жас уақыты түсінігін енгізді. Жас уақыты «өмір кестесін» білдіретін ішкі уақыттық диаграмма қызметін орындайды: сонымен салыстыра отырып, біз қаншалықты әлеуметтік оқиғаларға байланысты алға қарай жылжуымызды анықтай аламыз. Жас уақыты сондай-ақ, белгілі оқиғалар қай уақытта өтуі қажеттігін білуге мүмкіндік береді.
Психология ғылымында индивидуум жасын 3 түсінікте сипаттайды.

  1. Биологиялық жас- аданың орташа мүмкін ұзақтығы- адамдарда түрлі болады.

  2. Әлеуметтік жас – белгілі бір мәдени нормаларға тұлғаның орнының сәкес келу дәрежесімен бағаланады.

  3. Психологиялық жас- адам қаншалықты орта талаптарына бейімделгендігін көрсетеді.

Биологиялық, әлеуметтік және психологиялық жас факторларының бірігуі кемелдену түсінігіне алап келеді.
Біз кемел жасты ересектік кезеңмен түсіндіреміз. Дамыған елдерде есею кезеңін адам өмірінің төрттен үшін құрайды деп есептейді. Даму психологиясында бұл кезеңді 3 кезең астарына бөледі: ерте ересектік (20-дан- 40 жасқа дейін), орта ересектік (40-тан 60 жасқа дейін), кешеуілдеген ерсектік (60 жастан жоғары). Бұл жастық бағдардың өзі қажетті мінез-құлықты субъективті түсінуде сәйкес келе бермейді. Әлеуметтік экономикалық статус, ауылдық немесе қалалық өмір, этникалық ерекшеліктер, тарихи кезеңдер және т.б. өмірлік факторлар ересектердің шешіміне және мінез-құлқына әсер етеді.
Әрбі кезең тұлға өмірінде өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. Осы жас кезеңдерінде тұлғаның әлеуметтік статусы, өзіндік пікірлері, бағыттылығы және т.б. өзгерістерге келіп отырады. Бірақ, тұлға ерекшеліктеріне сәйкес бұл кезеңдер әртүрлі көрінеді.
Ерте ересектік кезеңде Эриксон бойынша ең басты міндет- басқа дамдармен және еңбек әрекетінде өзінің ұқсастығын табу. Теңестірудің қалыптасуы – аяқталмайтын процесс болып табылады.
Ересектер өзінің ішкі және сыртқы әлемнің өзгеруіне қарай жеке, кәсіби және отбасылық ұқсастығын құрылымдауы және қайта құрылымдауы тиіс.
Ұқсастықпен тығыз байланысты бұл өзіне жақын адамдарды таңдай білуі. Ал, генеративтілік бұл өз әлеуетін толық пайдалана алу мүмкіндігі болып табылады.
Белгілі зерттеуші Роберт Стернберг жақындық қатынаста махаббаттың үш компонентті теориясын ұсынды. Стернберг махаббат 3 құрамды бөліктерге ие:

  1. Интимдік- махаббат қарым-қатынасында көрінетін, жақындық сезімі;

  2. Құмарлық- физикалық әуестік және сексуалды қарым-қатынаста көрінетін қозу.

  3. Шешім / міндеттеме алу- ол қысқа және ұзақ уақыттық аспект. Қысқа мерзімді аспект белгілі бір адам басқа адамды жақсы көруінде, ал, ұзақ уақыттық аспект осы махаббаттық сақтап қалуда көрінеді.

Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады. Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі — әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.
Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет. Геронтология ұғымының қай кезеңде пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер айтылады. Бір зерттеушілер геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.
Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.
Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.
Бірақ бұл ғылымның пайда болуына өз үлестерін қосқан ғылымдардың қатары бұдан да көп. XX ғасырда геронтология жаңа, өте жас ғылымдардың жетістіктеріне байыды: биохимия, биофизика, психоаналитика, психофизиология және т.б. Негізінен геронтология – комплекстік тәртіпаралық зерттеулер негізіндегі ғылым болып табылады.
Лекция 6. Тақырыбы: Өмірдің мәні мен кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
6.1 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан дамуында мамандардың құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ашықтық, ұлттық бірегейлігі
6.2 Кәсіби бірегейліктің дағдарысы және эмоциялық жану синдромы
6.3 Кәсіби өсудің әлеуметтік-психологиялық теориялары
6.4 Коучинг технологиясы. Кәсіби бейімделу шарттары

Білім беру реформаларына байланысты, ол тек дамытушы және оқыту әлеуетіне ғана емес, сонымен қатар білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын сақтауға тиіс. Бұл, егер педагог кәсіби құзыретті, физикалық және психологиялық сау болса, үнемі өзін-өзі дамытуға дайын болса мүмкін.


Педагогтың кәсіби қызметінің үлкен эмоциялық күш түсуіне, әр түрлі педагогикалық жағдайлардың болуына, мұғалімнің кәсіби еңбегінің жауапкершілігі мен күрделілігіне байланысты "эмоциялық жану"синдромының даму қаупі артады.
Эмоциялық жану синдромының қалыптасуына педагогтардың жеке қасиеттері, сондай-ақ олардың қызметінің ұйымдастырушылық сипаты әсер етеді.
Мұғалім мамандығы "адам – адам", яғни психоэмоциялық жағдайдың қарқындылығы және жиілілігімен ерекшеленетін, кәсіби жану әсеріне аса бейім кәсіптер саласына жатады.
Заманауи мұғалім маңызды педагогикалық күш-жігерді талап ететін міндеттерді шешуге арналған.
Оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін меңгеру, тәрбиенің тиімді жолдарын іздеу, гуманистік парадигманы жүзеге асыру, қоғамда және оқытылатын пәннің ақпараттық алаңда болып жатқан өте жылдам өзгерістерді ескеру қажеттілігі – осының барлығы психологиялық сау, кәсіби құзыретті, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімге тән. Мұғалім психологиялық сау болса білім алушылардың да денсаулығы жақсаы болады.
Көптеген эмоциогендік факторлардың әсері мұғалімдердің қанағаттанбаушылық сезімін, көңіл-күй мен көңіл-күйдің нашарлауын, шаршауын тудырады. Осы үдерістердің нәтижесі мұғалімнің кәсіби қызметінің тиімділігін төмендету болып табылады.
Кез келген жұмысты орындау барысында адамдарға физикалық және жүйке-психикалық күш түсіруді бастан өткізеді.
Аздаған күш түсу кезінде реттелудің бейсаналы табиғи механизмдері қосылады және организм адамның саналы қатысуынсыз осы күш түсу салдарын өзі жеңе алады. Күш түсу шамадан тыс және ұзақ уақыт болса, ағзаны қалпына келтіруге көмектесетін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді саналы пайдалану маңызды.
Психикалық жану деп кәсіби салада көрінетін дене, эмоциялық, ақыл-ойдың күйзелу жағдайы түсініледі.
Бұл синдром К. Маслач бөлген үш негізгі құрамдас бөліктерді қамтиды: эмоциялық күйзеліс, деперсонализация (цинизм) және кәсіби жетістіктердің редукциясы (әлсізденуі)
Эмоционалдық күйзелу деп эмоциялық бос болу және шаршау сезімі түсініледі
Деперсонализация еңбекке және өз еңбегінің объектілеріне деген теріс көзқарастық қатынасты болжайды
Кәсіби жетістіктер редукциясы - өз кәсіби саласында құзыреттілік сезімінің болмауы, ондағы жетістікке жете алмаушылықты сезінуі.
Эмоциялық жану факторлары екі үлкен блокқа топтастырылды: кәсіби қызметтің ерекшеліктері және қызметкердің тұлғалық ерекшеліктері.
В.В.Бойко Эмоциялық жану факторлары: материалдық орта жағдайлары, жұмыс мазмұны және қызметтің әлеуметтік-психологиялық жағдайлары кіретін ұйымдастырушылық (сыртқы) факторлар тобы.
Психоэмоционалдық күш түсетін қызмет: мұндай қызмет қарқынды қарым-қатынасқа, дәлірек айтқанда, серіктестерді мақсатты қабылдаумен және оларға әсер етумен байланысты
Әрекетті тұрақсыз ұйымдастыру: оның негізгі белгілері - еңбекті нақты ұйымдастырмау және жоспарламау, жабдықтың жетіспеушілігі, нашар құрылымдалған және шашыраңқы ақпарат, онда "бюрократтық шудың" - ұсақ егжей-тегжейлі болуы.
Орындалатын функциялар мен операцияларға жоғары жауапкершілік: көпшілік кәсіптердің өкілдері әдетте сыртқы және ішкі бақылау режимінде жұмыс істейді.
Кәсіби қызметтің қолайсыз психологиялық ахуалы: ол екі негізгі жағдаймен анықталады – тігінен алғандағы қайшылық "басшы-бағынышты" жүйесінде және көлденеңінен, "әріптес-әріптес"жүйесінде.
Нервозды жағдай біреуді эмоцияны нормаға сай есептеуге, ал басқаларды – психикалық ресурстарды үнемдеу тәсілдерін іздеуге итермелейді.
Ерте ме, кеш пе нервтері мықты адам эмоциялық жану тактикасына бейім болады: бәріне өзін алыс ұстайды, барлығын жүрекке жақын қабылдамайды, нервтерін сақтайды.
Қарым-қатынас саласындағы кәсіби маман үшін психологиялық қиын контингент: педагогтар мен тәрбиешілер қызметінде бұл мінез-құлқы, жүйке жүйесі және психикалық дамуы тежелген балалар. Бұл жерде түсініспеушілік пен жанжалдар пайда болады-эмоциялық жану өзінің дисфункционалды жағынан пайда болды.
Лекция 7. Тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы
7.1. Қарым-қатынас және оның түрлері, формалары мен функциялары
7.2. Қарым-қатынастың перцептивті жағы
7.3. Іскерлік қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, ақпарат алмасу
7.4 Қарым-қатынас процесіндегі қабылдау және түсіну.

Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.


Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».
Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.
Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.
Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».
Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.
Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.
Сонымен, іс-әрекет – қарым-қатынастың бөлігі, бір қыры, қарым-қатынас – іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры. Алайда қарым-қатынас пен іс-әрекет барлық жағдайда бөлінбейтін бірлікті құрайды.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас — жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әртүрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынастың маңызды бес функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш ролді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде "прагматикалық" функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша екінші функциясын "қалыптастырғыш" функция деп атауға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: "Бала әрқашанда екі адам - оның өзі және ересек адам". Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.


Лекция 8. Тақырыбы: Қарым-қатынастың интерактивті және коммуникативті жағы
8.1 Психологиялық әсер етудің мәні мен түрлері
8.2 Коммуникативті процестің құрылымы, негізгі функциялары мен түрлері
8.3 Мәдениетаралық коммуникация психологиясы
8.4 Вербалды және вербалды емес коммуникация құралдары


Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: "Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі". 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: Екі клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде — бала өлімі жоқ, ал екіншісінде - балалардың үштен бірі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде "бекітетін, қолдаушы" деген функциясын атауға болады. Басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: "Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы — ең зор жаза". Көптеген психотерапевтік жүйелерде адамның мұндай жағдайы "қолданылмаған, бекітілмеген" деген ұғым арқылы беріледі, және де "Сенікі жөн емес", "Сен жамансың" деп мойындамауға қарағанда (мұндай жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу "Сен бұл жерде жоқсың", "Сен тірі адам емессің" дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг - бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофренияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткеніндей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелінген балалар ауырады екен.
Интерактивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік). Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі), соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Сонымен қатар, жеке адам-аралык. қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас - авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері - әсер етілетін объект, "пассивті" объект болып есептелінеді.
Қарым-қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл-күйімен, сезімдерімен, т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.
Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық қондырғалар арасындағы алмасудан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі — кері байланыс процесі, коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әртүрлі деңгейі (вербалды-сөз жүзіндегі, вербалды емес-сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек-бөлек талдап көрейік: 1. жеке адамаралық карым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші — коммуникатор, оны қабылдаушы - реципиент деп аталады.
Түсініспеушілік барьерінің бірнеше түрлері болады: 1) фонетикалық барьер. Әртүрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тілдегі кемістік (немесе дикция), тілдің грамматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сөйлеу, сөзді анық айтпау, қосымша дыбыстардың болуы да осыған себеп болады. 2) Семантикалық барьер сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әртүрлі жаргондар, слэнгтер. Әртүрлі ортаның өзіне тән "мини-тілі" болады. Өздерінің қалжыңдары, тілінің оралымдары,т.с.с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.3) Стилистикалық барьер — коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді.4) Логикалық барьер, коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда туындайды. "Ерлер логикасы", "әйелдер логикасы", "балалар логикасы", т.б. логикалар туралы айтуға болады.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - адамаралық қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілерде әрекеттесудің қай түрін тандауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Iс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсендi қатынасының бiр формасы немесе қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi.
Тiрi материяның өлi материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсендiлiкте. Адамның белсендiлiгi өте көп қырлы. Жануарға тән түрлi формаларға қоса, адамда белсендiлiктiң ерекше формасы – iс-әрекеттi айтуымызға болады. Iс-әрекеттi адам белсендiлiгiнiң ерекше түрi ретiнде анықтауға болады: ол мәдениеттiң материалды және рухани дүниесiн құрайды, өзiнiң қабiлеттерiн дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны iс-әрекетте қолдануы – жануар белсендiгiнен айырмашылығы болып табылады. Яғни, адам iс-әрекетi продуктивтi, өнiмдi сипатқа ие. Жануар белсендiгiнен тағы бiр ерекшелiгi: егер жануар белсендiгi тек биологиялық қажеттiлiктерден туса, адам iс-әрекетiне өнер,танымдық қажеттiлiктер түрткi болады. Сонымен қатар, адам iс-әрекетiнiң формалары жануарға тән емес, күрделi қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кiшкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануды (қасық, пышақ, орындық, сабын) үйретедi. Соның нәтижесiнде жануар белсендiгiнен өзгеше заттық iс-әрекет пайда болады.
Сонымен, адам iс-әрекетiнiң жануар белсендiгiнен негiзгi айырмашылықтарын тоқталатын болсақ:
Адам iс-әрекетi продуктивтi, творчестволық сипатқа ие. Ал жануар белсендiгi табиғатта берiлгеннен басқа ешнәрсе жасай алмайды
Адам iс-әрекетi құрал немесе әдiс ретiнде қолданатын мәдениеттiң материалды және рухани дүниемен байланысты.
Iс-әрекет адамды, оның қабiлеттерi мен қажеттiлiктерiн, өмiр шарттарын дамытады. Ал жануар белсендiлiгi негiзiнен олардың өзiнде және өмiр шарттарын өзгертпейдi.
Адам iс-әрекетi, оны орындаудағы түрлi формалар мен әдiстер – тарихи өнiмi болып табылса, жануардың белсендiгi биологиялық эволюция нәтижесi болып табылады.
Заттық iс-әрекет адамға туыла берiлмейдi, ол заттарды қолдануда мәдени түрде белгiленiп қойған. Бұндай iс-әрекеттi оқу және тәрбие барысында қалыптастырып, дамыту керек. Ал жануар белсендiгi алдын-ала, яғни генотиптiк тұрғыда берiген.
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъекттің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез-келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар іс-әрекеттің қоздырушы себептері және де ол белгілі жетістіктерге бағытталады.
Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамндықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.
Лекция 9. Тақырыбы: Әлеуметтік-психологиялық қақтығыс және ондағы тұлғаның мінез-құлық моделі
9.1 Әлеуметтік қақтығыстардың табиғаты мен себебі, түрлері
9.2 Қақтығыстың конструктивтік және деструктивтік функциялары
9.3 Қақтығыстың алдын алу және ондағы рационалды мінез-құлық технологиялары.
9.4 Қақтығысты шешу көп сатылы процесс ретінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет