Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: 1. Гонина О. О. Психология. Учебное пособие. — М.: КноРус. 2019. 320 с.
2.Самыгин С. И., Кротов Д. В., Столяренко Л. Д. Психология. Учебное пособие. — М.: Феникс. 2020. 280 с.
3. Коржова Елена Психология личности. Учебное пособие. Стандарт третьего поколения. СПб.: Питер. 2020. 544 с.
4.Джакупов С.М. Введение в общую психологию. – А.: казаз университеті, 2014
5. Дүйсенбаев, А.Қ. Психология: Оқу құралы / А.Қ. Дүйсенбаев.- Алматы: "Отан" баспасы, 2019.- 209 б.
Сабақ барысы І. Проблеманы айқындау кезеңі. Сабақ басында презентация арқылы «Психология, тұлға» ұғымдарына аннотация беріледі, студенттердің ұсынылған ойларымен білім жинақталады.
Жеке жұмыс. Әр студентке «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ беріледі.
«Тұлға» ұғымын қалай түсінесіз?
Тұлғаның дамуына әсер етуші қоғамдағы қандай факторларды атай аласыз?
Факторлардың қандай ерекшеліктері бар?
Әлеуметтік факторлар дегеніміз не?
Толық тұлға болып қалыптасуға басты керек 5 қасиет.
Топтық жұмыс. Студенттер топ-топқа бөліну арқылы әр қарастырылатын тақырып бойынша 4-5 сұрақтан құрастырып, бір-бірімен алмасады. Алмасылған сұрақтар тізімі бойынша сұрақ-жауап әдісі жүзеге асады.