Индукцияланған қозғалыс – объектіні қоршағандардың қозғалысымен шақырылатын қимылсыз объектіні қозғалғандай көру. Мысалы, бұлттардың қозғалысына қатысты айдың қозғалып бара жатқан сияқты қозғалысы.
Кинестикалық түйсіну –дене қозғалысы мен бұлшық еттің шиеленісуінен пайда болған түйсіну; бұлшық еттердегі, сіңірлердегі рецепторларға механикалық әсер етуге байланысты шақырылады.
Конвергенция –тіркелген объектіге көру осін апару. Объект жақын болған сайын конвергенция бұрышы үлкен болады. Көру осьтері параллель болғанда, 15-18 см аралықта тиімсіз бола бастайды.
Контраст –физикалық негізіне қарағанда қабылданған айырмашылық үлкен болып көрінетін құбылыс.
Контур – перцептивті өрістің көршілес бөлігінен бөлінген бөлігінің сызығы. Фигураға жататындай қабылданады және оған форма береді. Бірақ та фигура мен контур бірдей емес. Бір ғана сол физикалық контур әр түрлі екі фигурада әр түрлі болып көрінеді.