2.«Проблема шешімін қолдану» кезеңі Топтық жұмыс. Венн диаграммасымен екі ғалымның тұжырымдамасы салыстырылады, ақпарт жинақталады (5 минут).
Жариялау. Топтар құрастырған диаграммаларын қабырғаға іліп, берілген уақыт ауқымында (2 минут) өз тұжырымдарын қорғайды, қарсылас топтың сұрақтары мен оқытушы сұрақтарына жауап береді. (5 минут)
Студенттер қолдарына түрлі түсті стикерлер алып , аудиторияны шарлап, кестелерге өз бағаларын береді. Ол үшін олар стикерлерге ойлары мен пікірлерін жазып, кестелерін іліп қояды (6минут)
Бағалау.Білім алушылардың ізденімпаздығы, зерттеушілік қабілеттері, белсенділіктері бойынша оқытушы тарапынан бағаланады.
Қорытынды. Студенттерге сұрақтар қойылып, оларға ауызша жауап береді.