ГЛОССАРИЙ Психология-психикалық құбылыстардың пайда болуын, дамуын, қалыптасуын және қалыптасу барысындағы өзгешеліктерді зерттейтін ғылым.
Психика-объективті реалдылықтың субъективті көрінісі.
Сана-Психиканың адамға ғана тән ең жоғарғы формасы.
Еңбек психологиясы-Адамның іс әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып, ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
Жан-Адам мен жануардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп отырған көзқарасына бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік филиософия мен психологиясында жан емес материалдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным бастауы.
Ассоцианизм-Психологиялық ойдың негізгі бағыттардың бірі, психикалық процестердің динамикасын ассоциация принципімен түсіндіреді.
Индивид -Жекеленген табиғи тіршілік иесі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам.
Адам -Қоғамдық тарихи процестің, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің субъектісі, генетикалық жақтан өмірдің басқа формаларымен байланысты.
Бихевиоризм -ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтынмерикандық бағыт.