Түрлері: Оптикалық (көру); Саусақты (тактильді); Есту .
Агорафобия – ашық кеңістіктен қорқу
Адаптация – әрекет етуші тітіркендіргіштер үшін өзгертуге бейімделу нәтижесінде болатын анализаторлардың сезгіштігінің өзгеруі.
Адаптация деңгейі –бұрын қабылданған стимулдардың «ортасын» алуға негізделген адам орнатқан субъективті деңгей. Мысалы, субъектінің бұрын көтерген, орташа салмағы бар затты қабылдауы. Орташадан жоғары салмақ ауыр деп, ал орташадан төменгісі жеңіл деп қабылданады
Адинамия – қимыл бедсенділігінің төмендеуі, өте қатты бұлшық еттік әлсіздік, ұзақ аурудан, ашығудан әлсіздену
Аксон, нейрит – дене клеткаларына органдарға өткізілетін жүйкелік импульс, жүйкелік клеткалардың (нейронның) бөлігі; аксондардың жиынтығы жүйкені құрайды.
Аксон – рефлекс – шынайы рефлекспен салыстырғанда орталық жүйке механизмдерінің қатысуынсыз жүзеге асатын рефлекторлық реакция.
Анализаторлар – адам мен жануарлардың анатомиялық, физиологиялық жүйесі, сыртқы және ішкі ортадан түсетін тітіркендіргіштерді талдау және қабылдау. Оған жататындар: сезім оргондары; әрбір анализатор рецепторлардан, өткізгіш бөліктерден және жоғары орталық және бас миы қабығындағы нейрондар тобынан тұрады.
Анергия– (1) кез келген тітіркендіргіштерге реакция бермеуі; (2) организмнің ортаның ауырлық келтіретін әсеріне қарсыласпауы
Анестезия – бір немесе бірнеше сезгіштік түрлерінің толық жоғалуы.
Атрофия –(1) адам мен жануардың органдарының өлшемінің азаюы, олардың функциялары бұзылады немесе тоқтатылады. (2) қандайда бір сезімді қасиетті жоғалту, тоқырау
Афферентті – перифериядан бас миына бағытталған жүйке жүйесінің қозу процесімен сипатталатын ұғым.