13/ үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі орган - мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге көрсетілген заңды тұлға;
14/ мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі– сәйкестік сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын /орталықтарын/, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;
15/ сертификаттау – дайындаушы /сатушы, атқарушымен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің, өніміне, жұмысына қызмет көрсетуіне нормативтік кұжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;
16/ сәйкестік сертификаты - мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген, өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсететін құжат;